Жейденің кереметі

Жейденің кереметі

«Әйгілі компаниялар бір аптадан соң дарынды қабылдауға емтихан алады» екен дегенді естіген Чын Сай жалма-жан дайындала бастады. Ол, әуелі, жан-жақтан ақпараттар жинап, ол жақта қайсы компаниялардың бар екенін, олардың қандай дарындыларға мұқтаж екенін ұғысты. Іле-шала бір тігінханаға өзі жобалаған 3 жейдені жоғары бағамен бұйыртты. Емтихан күні жоғары оқу орындарының студенттері қабылдау орнына лық толды. Чын Сай да өзге студенттер сияқты костюмды қатырып киіп, шашын жылмақтай етіп таранып барды. Оның сөмкесіне түйіндеме мен түрлі куәліктерінің көшірме нұсқасы салынған болатын. Чын Сай емтиханға кірісімен-ақ LG компаниясының қабылдау орнына қарай тартты, бұл серіктестік оның басты нысанасы еді. Ол LG серіктестігінің қабылдау текшесіне кезекке тұрғанда костюмын шешіп тастап, әлгі алдын ала дайындаған жейдесін киді. Бұл LG деген әріптер айрықша көз тартатындай етіп айшықталып салынған әдемі жейде болатын. Бәсекеге келгендер өздерінің қысқаша тарихы жазылған материалдарын серіктестік қызметкеріне беріп жатты.

Кезек Чын Сайға келгенде, олардың қалжыраған жүздеріне күлкі үйірілді. Қабылдауға жауапты қызметкер орнынан атып тұрып, Чын Сайдың қолын алды. Оның материалдарын қос қолдап алып ашып оқыды әрі онымен ыстық ықыласты әңгімелесті. Соңында жауапты қызметкер келсімшартты алып шығып:

− Компания маған әр күні бір адамды дереу қабылдауыма рұқсат берген болатын, бүгін сенің бағың жанды. Келісімге қол қоюыңа болады,-деді.

Университетке қайтып келген соң группаластары онан қалай қабылданғанын сұрады. Чын Сай: 

− Мұнда тұрған ештеңе жоқ, тек біраз білермендік істеттім. Мағлұматым мен түрлі өнерімнің өзге үздік жастардан пәлендей артық-кемі жоқ болғандықтан, олардың ішінен суырылып шығу мүмкіндігім де аз ғой, сондықтан басқа амал қарастырдым. Серіктестіктің белгісі басылған бұл жейдеге жай қарамаңдар, бұл жейде олардың назарын бірден аударды, мен де бәсекелестер арасынан жарқырап көріндім,-деді.

Чын Сай ертесі боқшасындағы «LENOVO» мен «TCL» белгісі басылған өзге 2 жейдені әуелгі бағасынан 3 есе жоғары бағамен қасында өзге жастарға сатты.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: scbdgroup.com

Оқи отырыңыз:

Кәрі қыздың қателіктері

Адамдардың есімін қалай есте сақтауға болады?

Жігітпен қай жастан бастап жүрген дұрыс?

Ақша үнемдеудің 8 тәсілі

M. Auelkhan