Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / БҮГІНГІНІҢ ЕРКЕКТЕРІНЕ!

БҮГІНГІНІҢ ЕРКЕКТЕРІНЕ!

БҮГІНГІНІҢ ЕРКЕКТЕРІНЕ!

БҮГІНГІНІҢ ЕРКЕКТЕРІНЕ!

Бүгінгінің еркектері тым жалқау,
Жатып ішер, арамтамақ, масыл ед.
Денсаулықта болмаса да бір ақау,
Түске дейін, ұйықтап жату кәсіп ед.

Ойында оның жеңіл ақша табу бар,
Анасымен жасты әйелді жар етер.
Ұрлық, сұмдық, қалтасын да қағу бар,
Өздері ғой, алтын басын қор етер.

Жауапкершілік не екенін?
- ұмытқан,
Талай қызды?
- жүкті етіп тән алмас.
Құшағын тек ойнастықпен жылытқан.
Талтаң басып жүргеніне болар мәз.

Талай жетім, әкесін де, білмеді,
Зар жылады, қарғыс айтып өлдеумен.
Талай қыздар қол жұмсап та үлгерді.
Ақыр соңы аяқталды жерлеумен.

Ішкен үйдің берекесі бола ма?
Еркегі де, табыс таппай, жатса егер.
Айыра алмайм, малхана ма?
- қорама?
Қара үйде өзің жалғыз патша дер.

Жасы отыздан асса дағы жаспын дер,
Үйі де жоқ, бала да жоқ, әйел жоқ. 
Қай қылығын, мақтап айтам баспын дер, 
Үйі жоқтың қашандағы күйі жоқ.

Бүгінгінің шалдары да,
- сорақы,
Немерісімен жасты қызбен көңілдес.
Істеріне қарап тұрсам дарақы,
Сөзі менен ісі басқа өмірде еш.

Еркектер ғой, ұсақталып ез болған,
Намыс қайда?
Арын қайда?
- батырым?!
Көйлек киіп, сырға тағып сөз болған,
Соған тіпті, жетпеді ме?
- Ақылың.

Қатын бағып қаран қалған заман - ай,
Әйел де, - адам,
- ол да мезі шаршайтын.
Адамдар да,
- айуан болып барады - ай,
Еркектер көп жас күндерін аңсайтын.

Бүгінгінің көп еркегі осындай,
Жетім де көп, жесірде көп қанғыған.
Көзбен көріп жүрмін көбін жасырмайм,
Екі көзі жас қыздарды аңдыған.

Ақыр заман жақын қалды білерім,
Қоймаса егер қара жерім жұтып бір.
Құдайымнан жалбарынып тіледім,
Алдымыздан қандай сынақ күтіп тұр.

Еркек жалқау болса егер құл болар,
Үйдегі әйел, бала - шаға би болар.
Жиған дүние, дүние емес күл болар,
Ақыр соңы еркектер де тұл болар.
Авторы - Әселхан Торбаева 14/05/2017

273 7
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 15 мамыр, 21:25
Пікірлер
+1
15 мамыр, 22:29

Ащы да болса, шындық осы. Әрбір Қазақ қызы сіздей болса, еркектертердің арасындағы арсыздары, ұялғанынан өздері - ақ түзелер, егер санасы болса.

+0
16 мамыр, 12:30

Ақын - сымақ,басқа тақырып таппадың ба? Болашақ жарың солай болсын деп тілеймін! "Ақырзаман"деп зарлай бермеңдерші! Ол - діншілдердің ісі.Жас адам өмірді жырлау керек. Тəңірдің берген жасын дұрыс өмір сүру керек.

+1
18 мамыр, 20:49

(Қатты айтсам ренжімеңіз)адамға ақын сымақ деген сөзді есту өте ауыр,ол адамның талантын енді ашып келе жатқаны шығар,сондықтан олай демеңіз!

+1
18 мамыр, 20:50

Жарайсыз,жақсы жазылған!

+0
18 мамыр, 21:05

Ұйқастырып құрастыра салған бос сөздер жиынтығы.

+0
19 мамыр, 20:17

Бағлан Мақсат іріген ауыздан шіріген сөз шығады деген қазақ!

+1
20 мамыр, 14:55

Кінәні бір бірімізден іздемей бұндай мәселелерді қоғам болып шешкен жөн. Ер ме әйел ме айырмасы не? Кім де болса ол қоғам мүшесі. Бұл жағдайлардың орын алу себебі рухани құндылықтардың материалдық құндылықтардың алдында есе жіберуі, сонымен қатар бір мезеттік тән раһатының ақыреттегі мәңгі раһаттан биік болуы және т.б. біздің яғни жалпы қоғамның жіберген қателіктері деп білемін.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...