Қарашығының түсі өзгеріп тұратын бала

Қарашығының түсі өзгеріп тұратын бала

"Естімеген елде көп". Пәкістандағы ғажайып жағдай ел жұртшылығын таң қалдырды.

Пәкістанның Гужилат ауданы Кариана ауылында Шаһиза есімді алты жасар қыз бала бар. Бір қарағанда, Шаһиза өзі тектес сәбилерден қатты өзгешелігі жоқ,. Ең қызығы, оның қос жанарының түсі құбылып тұрады.

Шаһизаның қос жанарының түсі оның киген киімінің түсіне қарай өзгеріп отырады екен. Егер көк түсті киім кисе, жанары көкшіл тартады, қызыл немес сары түсті киім кисе, жанары қызыл не сарыға айналады екен. Шаһизаның туған-туыстары мен бұл жағдайды өз көзімен көргендердің айтуынша, оның жанарының құбылуы тіпті тез жүзеге асады екен.

"Оның бұл қасиеті ол дүниеге келгеннен бар" дейді ата-анасы. Шаһизаның әке-шешесі бұл құбылысты түсіне алмай, қаладан арнайы дәрігер шақыртып, денесін тексертіп те көрген. Медицина қызметкелері жұртшылыққа Шаһизаның басқа да қалыпты адамдар сияқты екендігін, әлдеқандай "сырлы" адам емес екенін түсіндіруге тырысқан.

Медициналық тексеру нәтижесі бойынша, Шаһизаның дене қуаты жақсы, ішкі дене құрлысының қызметі де қалыпты болып шыққан. Дәрігерлер көзге байланысы сұраққа жауап беруге шарасыз екендіктерін жеткізген.

Бұл хабар ақпарат құралдарына шыға салысымен олардың отбасыларынан тыныштық кеткен. Оны көруге асыққан адамдар әр жақтан ағылып келеді, тіпті үйде ине шаншар бос орын қалмай қалады дейді Шаһизаның анасы.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: nipic.com

M. Auelkhan