Ұстазға...

Ұстазға...
жеке
блог

Апай,

Шаршадым, қалжырадым шыны керек,

Білмеймін, айтып жатыр сырым не деп?!

Кеудемді қазір жарып шығатындай

Көкіректе соғып тұрған сынық жүрек...

...Сізге мен айтар болсам сырымды кеп.

 

Апай,

Өмірдің мәні неде ұғындым ба?

Қандай сезім болар екен ұғынғанда?

Түзу жолда сүрініп, жығылдым ба?

Сыңарымсыз суынып, жылындым ба?

...Мәні неде екенін білмеймін жырымның да 

 

Апай,

Сезімім қайда кеткен мен білмеймін,

(Қиналатын мен ғой мұнда, сізге мейлің).

Мен сезімсіз қар астында жаурамаймын,

Мен сезімсіз сахарада шөлдемеймін,

Мен сезімсіз жанымды емдемеймін.

 

Апай,

Маған демеу керек, түсініңіз,

Өмірім өтпесе екен күрсінусіз.

Күн керек боп тұрады маған түнде,

Түн керек боп тұрады маған күндіз!

Өмірім өтпейді ау осы күрсінусіз

 

Орынбасар Рүстем