Армандар

Армандар
жеке
блог

Адастырмаңдар,

Адастырмаңдар, армандар! 

Алдаңдар, мейлі, аз ғана тұрып алдаңдар. 

Алайда мені алдаусыратып жүргенде, 

Мұңайта салып, алысқа кетіп қалмаңдар.

Алыстап кетіп сонаудан қолды бұлғама,

Бұлғама қолды, "мен мұндамын" деп ымдама.

Жүрегім мені алдамайтынын білемін, 

Армандар, сен де қалып қоймашы ұрлана. 

Алыстап кетпе, қалықтап кетпе биікке, 

Айналып кетпе, жылатып мені, күйікке. 

Армандарым-ау, ауыр ғой сенің салмағың,

Онсыз да орның тұрған жоқ па еді биікте?!