Мен - Даланың қызымын!

Мен - Даланың қызымын!
жеке
блог

Мен - Даланың қызымын, әкем -аспан, анам -жер,
Қиқулаған құрағым, жаным - жусан, жағам - көл,
Шығын басып таңменен шаңырақтан шыққанда,
Құрақ ұшқан байтағым, өзен - жеңгем, ағам - бел.

 

Күлкі ойнаса жүзімде қызғалдақтар бір шығар,
Домбыраны шерткенде шелпектей боп күн шығар.
Қатуланса қабағым - тал бұтағы мың сынар,
Жерді сүйген жүректің әр саусағы гүл шығар.

 

Сағындым деп сыр шертсем, шоқ лап етер жалынды от,
Бұлақ бүлк-бүлк ағады қамықпа мен қаның деп.
Бұл дүние менде бар, мен - Дүниенің ішінде,
Айырмаңдар өлкемнен, Даласыз түк Жаным жоқ.

 

Жұлдыз Бейсек.