Ұстаздарға

Ұстаздарға
жеке
блог

Өтті ұстаз талай-талай белестен

Таулардан да сағым қуған елестен.

Тәлімгерлер болашақтың бастауы,

Болашақтан арманымның желі ескен.

 

Талаппенен жеткізеді мұратқа

Батыл жүрек шыдағанды құлатпа!

Оқушының білімдерін тереңдет

Болашағың дарындарды жылатпа.

 

Көрдіңдер ғой талай істер атқарып,

Сіздер барда көрмегенбіз жасқанып.

Ағайларға болсақ туған қызындай,

Апайларға сөйледік сыр ақтарып.

 

Шаттық сыйлау біздің де бар ойымыз,

Көз алдыңда өсті кіші бойымыз.

Тәрбиелі, білімді боп ер жетсек,

Сіздің жеңіс, бұл сіздердің тойыңыз!

 

Ұстаздар-ай, гүлдей болып жайқалған

Жүздеріңнен шексіз мейір байқалған.

Тәрбиеңмен, тағылымыңа ризамыз,

Ұстаз болып, үлгі болған майталман.

 

Ұстаз болса, оқуменен өмірмен

Білім беріп, ақыл айтса көңілмен.

Шын ұстаздар шәкіртімен мақтанса,

Айта жүрем, мен мақтанам өзіңмен.

 

Ұстаздарым құттықтаймын жүрекпен

Балалықты, шалалықты түлеткен

Бала жастан бойымызға дән егіп

Өмірімізді жайнап тұрған гүл еткен!