Студенттік кезең...

Студенттік кезең...
жеке
блог

Студенттік кезең- ешқашан ұмтылмайтын, айтудан жалықтырылмайтын тақырыптардың бірі.Мектеп кезеңімен салыстырғанда  адам біршама есейіп, өмірге өзгеше көзқараспен қарап, ересектік өмірдің дәмін сезіне бастайды. 

Осы қызығы мен шыжығы мол студенттік кезең 4 жылда зымырап өте шығады. Бірақ, адам өмірінде өзінің үлкен ізін қалдырады. 

Иә, біздің  өмірімізде де 4 жылы 4 күндей зулаған студенттік өмір де өте шықты. Бірін-бірі мүлде танымайтын, Қазақстанның әр облысынан келеген бейтаныс қыздардың  қимай қоштасатын кезі де келді. Оқу бітті... Біз,  Қазақстан бойынша тіпті, бүкіл дүние жүзі бойынша "ерекше" болған, киелі шаңырақ атанған "Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің" 2015 жылғы түлектеріміз. Тек қана қыздар оқитын қара шаңырақ астында қыздармен апалы-сіңілідей болып бауыр басып қалыппыз. Барлықтарыңызға өмір жолдарын тек нұрлы, шуақты күндерге толы болсын дей келе, құрбым Пердехан Сандуғаштың  "оқу бітіру кешіне" арнайы шығарған өлең жолдарын ұсынбақшымын.

Группаластарыма...

Таныстық та, табыстық та сол бір күрең күзде біз, 
Қалып қойды сол кездегі ыстық сонау бір лебіз.
Еске алып айтар болсақ қызықпенен шыжықты, 
Болар бәлкім бір поэзия тізбектелген тым мықты.
 
Ренжістік те қарамастай кете барар  болып біз,
Мезгілдің бар емес пе қысы, жазы, суық күз.
Кешірістік, тату болып дегенменен,
Қалып қойды артымызда шимайланған сол бір із.
 
Бәрін қойшы еске алармыз қыздардың бет ажарын,
Еске алармыз шуылдаған аудитория базарын.
Емтиханға кірерде таласып барып қыздардың,
Талпынғанын алуға сыныптың соңғы қатарын.
 
Уақыт та жылдам 4 жыл да судай зулаған,
Көңілдер толқып таптырмай тыным тулаған.
Өмірдің осынау шуақты нұрлы көктемін,
"Сағынбаймын"-деп айта алар қане кім маған?!
 
Кездер де кетті шәкіртақыдан құлаған,
Кездер де өтті жаздыққа қалып жылаған.
Сезбедің сонда  қасыңда сені сол бір қыз,
Жұбатып сені, жылы сөз айтып суарған.
 
Ал, енді қыздар жаман әдеттен жиренейік,
Ұлағатты жандардан сыпайылық үйренейік.
Дәл осы бас қосуда ұстаздармен,
Анасы мен қызындай боп үйге енейік!
 
"Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандығының 2015 жылғы түлектері...