Мамыр мұңы

Мамыр мұңы
жеке
блог

 

Бір самал жел сүйеді маңдайымнан,
Бір самал жел құтырып тоңдырады.
Балалық шағымды анау мал қайырған
Құралай жел кеудеме қондырады.

Мамырлап қазда келер көл маңына,
Ажарына айдынның түр өң беріп.
Сол мезгіл, ерттеп мініп жорғаныда,
Аулына көңіліңнің жүрем келіп.

Өріске айдап малды ертеменен,
Қайтушы ек атқан таңдай шырайланып,
Ерніңді сүйіп қана еркелегем
Кеш батса сенен кітап сұрай барып.

Көшеңнің талай итін шулатқанмын,
Ұлыса төсімдегі сағынышым.
Жанарымда жазылған шумақтардың,
Жүрегімді өртеген жалынысың.

бір жаңбыр жауған кезде жұбанамын
кешегі күнді есіме алып тұрып,
бір жаңбыр жауған кезде жылағанмын
сені есімнен шығарып салып тұрып...

Шарапат Раушанбек
03.05.2015