Махаббат маусымы

Махаббат маусымы
жеке
блог

 Бұл маусым - махаббат маусымы,
Даусымды естісін тау шыңы
Үзбесін үнімді жел - уақыт,
Найзағай, жаңбырдың тарсылы.

Жайнасын дүниенің бар гүлі
Аспанның үдесін жарқылы
Жүрегімді сеземін соғатын,
Тек сізді сүюім арқылы

Бұл ғасыр - сезімнің ғасыры,
Дәуірдің жомарт та хас ұлы!
Сіз мені бақытты етуге 
Дүниеге келгенсіз, асылы.

Жер-жаһан құлпырған лебімнен
Нұр жауған, гүл жауған көгімнен
Бақыттың балқимын бағында
Бұл өмір біздерге берілген!

Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.