Қиял мен шындық, немесе бүтіндік...

Қиял мен шындық, немесе бүтіндік...
жеке
блог

Көзім бөлек,бөлек тағы жүрегім,
Жыласа да жүрек,көзімменен күлемін!
Қиялыммен шындық сәйкес келе алмай,
Бүтін адам бола алмай жүремін.
Тұтас болу, ең бірінші тілегім!


Ойым бөлек,бөлек тағы сезімім,
Оймен бекіп,жүрекпен кетем езіліп.
Арманыммен өмір сәйкес келе алмай,
Тек түсімде, сезінем бүтін өзімді,
Кетсем болды,түндерде егер, көз іліп!