Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Кешеден бүгінге дейін

Кешеден бүгінге дейін

Кешеден бүгінге дейін

Зымырап өткен уақыт-ай! Кеше ғана көше кезіп, таңның атысынан күннің батысына дейін аштан аш жүре беретін, ойын қуған, топырақтан "тамақ" жасайтын "қаңғыбас" кішкене ғана қыз едім. Балалық шағым туралы айтар болсам, мен кішкене кезімде сондай қырсық, ұрысқақ, ерке қыз болдым. Ол кезде əкемнің қызы болғанмын. Бірақ... əліге дейін сондаймын )) Өзгергенім аз ғана секілді. Ол кезде мен екі жаста едім. Əкем өз ортасына белгілі музыкант еді. Тойға шығып, əн салатын. Əр түрлі музыкалық аспаптарда ойнайтын, операторлық қызмет те жасайтын. Көшеге шықсам да, билесем де əкем сол тойға алып шығатын камерасымен мені таспаға түсіретін. Алдыңғы жазбамда жазған "сары күшігімді" қолыма ұстап алып көшеде жүргенім, əкемді "ЧМО" деп атағаным сол таспада əлі бар. Далаға шықсам болды, "Нұрайлап", құрбымды іздейтінмін. Иə, біздің Нұраймен достығымызға бүгінде 13 жыл. Аз уақыт емес, əрине )) Нұраймен бірде "шын дос" болып, бірде "өтірік дос" болып, ұрыс-керіс, тартыс-беріспен жүретін едік. Ол кезде мен төрт жаста едім. Нұрай екеуіміз өзара ойыншықтарымызды алмастырып алдық. Бірақ, мен алданып қалдым )) Бұл - өте күлкілі. Себебі, Нұрай таңертең менен ерте тұратын. Солай ол маған берген өзінің ойыншықтарын қайтадан "ұрлап" кетті. Балалық қой ))) Бес жасымда. Мені анам дайындық сыныбына берді. Мен мектепке бара бастадым. Сол кезде неге екенін білмеймін, Нұрай басқа қыздармен бірігіп, менен бөлектеніп, қашып кете беретін. Бұл "процесс" шамамен, төрт жылға созылды. Мен Нұрайдың ол қылығын айтып, анама шағым жасайтынмын. Қазір мұны Нұраймен еске алып, бір күліп аламыз. Солай арада жылдар өтіп, біз алтыншы сыныпта оқып жаттық. Ол кезде мен он бір жаста едім. Осы кезден бастап біз Нұраймен жақын достарға айналдық. Нұрай екеуіміз əлі күнге дейін бір сыныпта оқып, бір партада отырамыз. Мен жетінші сыныпта оқығанда, ғашық болдым. Он екі жаста едім. Ғашық жанымның есімі "А" əрпінен басталатын. Ол - менің жүрегімдегі алғашқы махаббатым. Менің махаббат туралы шығармаларымның бəрі де соған арналған еді. Он үш жасымда мен өте бақытты болдым. Жоға, қазір де бақыттымын, əрине. Бірақ ол кезде "ерекше" бақытты едім. Бақытқа мас болып жүргенде бір жылымның қалай өтіп кеткенін байқамай қалыппын. Он төрт жасымда мен үшін өте қиын кезең болды. Мен махаббатты ұмытқалы қашан?! Баяғы көңілді күндерім көзімнен бұлбұлдай ұшты. Бірақ мен бəрі уақытша екеніне сендім. Бұл уақытта менің бойымда агрессия мен күйгелектік, сабырсыздық басым болды. Себебі, мен өтпелі кезеңде едім. Достармен, ұстаздармен келіспеушілік, күйзеліс, сабақ, керексіз ақпараттар, бəрі-бəрі жүйкеме ауыр тиді. Тіпті, бəрін тастап, алысқа кетіп қалғым келді. Міне, енді менің ақылым кірді. Наурыздың он жетінші жұлдызында жұлдызым жарқырап, мен он бес жасқа келдім. Мені елеп, ескеріп жүрген достарыма, отбасыма, блогтарымды анда-санда немесе жиі-жиі, үзбей оқып тұратын массагеттік оқырмандарыма, жазбаларымды жаңылмай бағалайтын қазіргі, бір сөзбен айтқанда, болашақ əріптестеріме, осы уақытқа дейін мені жапан далада қалдырмай, айналамнан қоршап, қорған болып жүрген барша қазақстандықтарға, маған шабыт сыйлаушыларға, əдеп пен мəдениетті үйретіп, өмірге деген көзқарасымды қалыптастырған, журналистикадағы алғашқы мектебім Massaget.kz сайтына алғысымды білдіремін! Баршаңызға көп рақмет! Мен сіздерді жақсы көремін!
261 0
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 18 наурыз, 23:37
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...