Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Әлі есімде...

Әлі есімде...

Әлі есімде...

Әлі есімде,әлі есімде...Ол кісінің жылы жүзі,бойшаң,қаралау келген,кішкене келген қарны,маған қарап жымиғаны,тәтті алып бергені бәрі есімде.Дәл кеше ғана көргендеймін...Бірақ,әттең,ол кісінің біздің жанымызда болмағанына да 10 жылдың жүзі болып қалыпты.

Ол кісі деп отырғаным мына менің - атам.Алтындай апамның (әжем) жұбайы,он баланың әкесі,жиырма алты немере,төрт шөберенің атасы.Атама деген сыйластығым,маxаббатым ерекше.Тіпті естеліктерімде.Жылы жүзді,салмақты,ашық кісі болатын.Ұлын ұяға,қызын қияға қондырып,туған туыс,бауырларынан барын да,нарын да аямаған.Атам жайлы танып,білген елдің барлығы да атам жайлы жақсы сөздер айтады.Бұндай сөздерді естігенімде атамның керемет жан екеніне тағы да көзім жетеді.

Мен анамның құрсағында жатқанымда,егер қыз бала болса атын Мақпал.Ал ұл бала болса атын Заманбек қоямын деген екен.Қыз бала туылып,Макпал деп атымды қойды.Бұлай деуінің себебі,елі сүйген,ері сүйген қазақтың ерке де,сыңғырлаған үні бар Мақпал Жүнісовадай болсын деген екен.Бірақ өкінішті...Атам армандағандай ән айтуға қабілетім жоқ.Бірақ өнерден құралақан емеспін.Болашақта атам армандағандай әнші болмасам да,саxнада жүріп әртіс (актриса) болғым келеді.

Апам қонаққа кеткенде есік жаққа қарайлап күтіп отыратын.Апам есіктен кіріп келгенде жадырап қалатын еді.Ал менің ежіктеп кітап оқығанымды,тек қана атам ғана жымиып тыңдап отыратын...

Сол күндерді,сәттерді,атам мен апамды сағындым...Сол қызыққа толы,атам мен әжем бүкіл әулетті жинап,төр жақта отырып күлімсірегендерін сағындым.Әттең,егер уақытты кері айналдыруға болғанда ғой...Сол сәттердің қайта оралмастығын білгенде,тек қана осындай жылы-жылы естеліктермен  суреттерге қарап қанағат етуге тура келеді.Бұл кісілер мен үшін асқар таудан да биік,мөлдір бұлақтан да таза жандар болып қала береді.

Осы күнге дейін ешкімге айтпаған атам мен апам жайлы жан сырымды , бүгін сіз де алғашқы болып оқып отырсыз.

401 0
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 09 қаңтар, 02:47
Тегтер: Ата,апа,ата-ана,бала,немере,шөбере,бойшаң,уақыт,сәттер.
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...