ҚазҰУ Түлектерінің алғашқы Форумы шақырады!

ҚазҰУ Түлектерінің алғашқы Форумы шақырады!

Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 80 жылдық мерейтойын атап өткелі отыр. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев баса айтқандай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "жаңа Қазақстанның білімі мен ғылымының көшбасшысы" болып табылады. Өзінің көп жылдық тарихында ҚазҰУ біздің қоғам экономикасының барлық саласының дамуы мен қалыптасуына өлшеусіз үлес қосып жатқан түлектердің мыңдаған армиясын дайындап шығарды.

ҚазҰУ түлектерінің арасында еліміздің әр саласында табысты еңбек етіп жүрген танымал тұлғалар көп-ақ. Іргелі оқу орны ҚазҰУ Түлектерінің алғашқы Форумын өткізбек. 

Жұлдыз Есімова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті деканының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент:


"Соңғы үш жыл ішінде ҚазҰУ QS World University Ranking халықаралық рейтингінде 350 позицияға жоғары көтерілді, бүкіл әлемде мойындалған ең табысты 800 университеттің арасында 299-орын алып, 300 топ ЖОО-ның қатарына енді. Бұл топқа ТМД мемлекеттерінен 3 ЖОО кірді – Ломоносов атындағы МГУ және Санкт-Петербург университеті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Университетті қолдау мақсатында ҚазҰУ Түлектер Ассоциациясы ҚазҰУ дамуының эндаумент қорын құрды, ол болашақта ҚазҰУ-дың тәуелсіздігі мен қаржылық тұрақтылығын сақтауға арналған. Түлектердің осылайша Alma Mater қолдауы әлемнің үздік ЖОО-да кең таралған және Гарвард, Йель, Оксфорд, Стэнфорд және т.б. секілді университеттердің әлемдік рейтингте аса жоғары позициясын қамтамасыз етеді. Бұл бастаманы ең алдымен ҚазҰУ оқытушылары мен ғалымдары қолдады, олар өз еңбекақысынан университеттің эндаумент қорына ақша бөлу туралы бірауыздан шешім қабылдады.

ҚазҰУ-дың мақтанышы болып табылатын ең үздік түлектеріміз эндаумент қорының дамуын қолдайды деп сенім артамыз. Университеттің 80 жылдығына арналған мерейтойға барша ҚазҰУ түлегін шақырамыз!"

Айта кетейік, ҚазҰУ Түлектерінің алғашқы Форумы 2014 жылы, 30 мамыр сағат 14.45-те ҚазҰУ қалашығының Студенттер сарайының алдында өтеді. Сағат 16:00-де Студенттер сарайында өтетін салтанатты кешпен жалғасады.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерін күтеді! 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: ipasha.livejournal.com, Жұлдыз Есімованың жеке мұрағаты

М. Оңғарова