Денсаулыққа пайдалы рецепттер ТОП-10 (байқау)

Денсаулыққа пайдалы рецепттер ТОП-10  (байқау)
жеке
блог

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол адам өміріндегі ең бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек.

Назарларыңызға Саийд Юлдаш әлі Құрайыш қажының “Мен - емшімін ” кітабынан шөптерден дәрі жасайтын  ТОП-10 рецептін ұсынамын.

Алғашқы болып әр үйдің асханасынан табылатын аскөктен бастауды жөн көрдім.

Аскөк

1. Аскөкті кептіріп жағып, күлін жазылмай жүрген жараға сепсе, ол тез жазылады. Ұрық дәнін ұнтақтап ауызға салып жүрсе, ыстықты қолма-қол тыйяды. Оның ұрық дәнімен қоса кептірген сабағының ұнтағынан 2 ас қасық алып, жарты литр суға қайнатып ішсе, ішті жүргізіп, асқазанды, ішекті тазалайды.

Екінші кезекте өздеріңізге белгілі, олда әр үйдің асханасынан табыла кететін өсімдік. Ол – маш.                          

Маш

2.Егер оны сүтке бөктіріп бал қосып жесе, гастритке ұшыраған асқазанның кілегей қабатын жетілдіріп, жара болудан сақтайды.Ал тамырын құрғатып, түтетіп, түтінін иіскеп жүрсе, талма «эпилепсия» ауруына бірден-бір ем.

Үшінші кезекте бау-бақшаның сәнін келтірп тұратын алмұрт жайлы айтамын.                  


Алмұрт

3.Алмұрттың жемісін кептіріп  ұнтақтап, соның 300 грамын жарты килограмм балға араластырады. Осы қосындының бір шай қасығын күніне үш рет жеп жүрсе, жүрек ауруларының барлық түріне, сондай-ақ бауыр, көкбауыр ауруларына бірден-бір ем.

Төртінші рецептіміз өздеріңіз білетін ноқат жайлы болмақ.   

Ноқат

4.Ноқатты суға пісіріп, сүзіп алып кептіріп, келіге түйіп ұнтақтайды. Сол ұнтақпен балды бірдей етіп араластырып, күнделікті тамақ ретінде жеп жүрсе, еркек безінің жұмысын жақсартады. Ал сол ұнтақты сары майға араластырып жеп жүрсе, жөтелді тыйып, өкпені қақырықтан тазалайды. Дауысты ашып, демікпеге ем болады. Ноқаттың біз білмейтін осындай емдік қасиеттері бар екен.

Бесінші күріштің емдік құпиясын айтамын.        

Күріш

5.Күріштің бір кесесін, бір кесе суға салып 3-4 сағат қояды. Сонан соң күріш дәнін жақсылап қолмен жуып сүзіп алады. Енді сол жуынды судың үстіне 100 грамм бал қосып қайнатып, суытып, 30 грамм алма сірке суын құйып, күніне 50 грамнан 3 рет жағдайы түзелгенше ішіп жүрсе, ер адамның шауқатын көбейтеді. Бел қуатын бекемдеп, еркектік бездін қабынуын жазады.

Алтыншы қайың ағашының емдік қасиеттеріне тоқталамыз.    

Қайың

6.Егер қайыңның қабығын қайнатып, сол қайнатындыға қызылша шыққан баланы шомылдырса, қызылшасы тез жазылып, әдетте қызылшадан кейін қалатын қышыма қотырды болдырмайды.

Жетінші рецептіміз бау-бақшаның көркін қыздыратын алма жайлы болмақ.     

Алма

7.Жарты килограмм балға, жарты килограмм алма ұнтағын араластырып күніне бір шай қасықтан үш мезгіл ішіп жүрсе, бауыр ауруын, қуық пен бүйректің қабынуына таптырмайтын ем.

Сегізінші рецепт асқабақ жайында болмақ.      

Асқабақ

8. Асқабақтың етін сүтке қайнатып ас орнына жиі ішсе – бауыр, көкбауыр, қант диабетіне өте жақсы ем. Асқабақ сабағын суға қайнатып ішсе, несепті жүргізеді. Бүйрек пен жүректің ісініп ауырғанын қайтарады.

Тоғызыншы пияздың емдік қасиеттеріне тоқталамыз.      


Пияз

9.Пиязды сүтке пісіріп алып, мыжып, шиқанға тартса, ауызы тез шығады. Ішіндегі өлетін сорып алады. Ескертетін бір жай, пияздан жасалған ішетін дәрілерді шамадан тыс көп қолданса, асқазан мен бауырдың ескі ауруын қоздыруы да мүмкін.

Ал енді соңғы рецептіміз жүзім жайлы болмақ.        

Жүзім

10.Сары мейізді ет тартқыштан өткізіп, балға қосып араластырып, күніне үш рет бір шай қасықтан жеп жүрсе, жүрек соғысын қалыпқа келтіріп, шаншып ауырғанын басады. Адам бойын сергітіп жұмыс қабілетін арттырады.

Осындай оңай дәрілерде өздеріңіз үй жағдайында жасап, денсаулықтарыңызды жақсартып алуға болады.

Денсаулықтарыңыз мықты болсын. Ауырмаңыздар!