Қыз қылығымен көрікті (байқау)

Қыз қылығымен көрікті (байқау)
жеке
блог

     Сәлеметсіздер ме! Мен массагеттің жас қатысушыларының бірімін. Бұл менің алғашқы блогым. Өзім туралы барлық ақпараттармен таныса аласыздар.

    Менің есімім Есіркеп Арайлым Сатпайқызы. 2000 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келдім. Қазірде №266 мектеп-лицейдің 9 сыныбын қызыл куәлікпен тәмәмдадым. Мұның барлығы ұстаздарымның қажырлы еңбегінің жемісі деп білемін. Ендігі мақсатым Қызылорда облысындағы Мәншүк Мәметова атындағы педогогикалық колледжге түсу. Қалауым біліктілігі жоғары, қабілетті, оқушыларға түсінікті тілде тыңдата білетін ұстаз болғым келеді.

     Алғашқы сөзді туған жерімнен бастасам. Қазалы... бұл сөзді естігенде ойыңызға бірден қаза сөзі түседі, яғни қаза болу, қайтыс болу. Бірақ мүлдем сіз ойлағандай емес. Қаза деген сөздің мағынасы - балық аулайтын кезде қолданылатын ау. Туған жерім туралы кейінірек тоқталамын.

    Отбасым қарапайым. Ата-анам өте мейірімді, түсінігі мол, әрдайым мені демеп отыратын жандар.Әдетте қыз бала анасына жақын болушы еді, бірақ мен анама қарағанда әкеме жақынмын. Үйдің кенжесі болғандықтан мені бәрі жақсы көреді. Ата-анам әлеуметтік желіде көп отырады. Отбасында менің үлкен әпкем және ағам бар. Әпкем тұрмыс құрды, Ясина есімді қызы бар. Ағам сөйлемейді, құлағы естімейді. Ол қазір Спорт туризм академиясының студенті. Олардың тілдерін (жестовой язык) жақсы білемін. Достарымен емін-еркін сөйлесе аламын. 

     Өмірдегі ұстанымым "Алға қарай ұмтылу, қиындыққа мойымау, ешқашан берілмеу".

     Үлгі тұтар адамым Абай Құнанбаев. Ол кісінің 70 өлеңін жатқа білемін. Түрлі жарыстарға қатыстым.

     Хоббиім: билеу, сайттарға кіріп дәріс оқу.

    Байқау туралы айтатын болсам маған өте ұнады. Қазірде оқушылар көп уақытын компьютердің алдында құр ойынмен өткізеді. Ал бұл сайт өте керемет, жаз мезгілінде өзіміздің алдымызға қойған мақсатымызға жетуге көмектеседі.

     Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін. 

     Эрудит тобы тек қана алға!!!