Мақсатқа жету ол үлкен жеңіс(Байқау)

Мақсатқа жету ол үлкен жеңіс(Байқау)
жеке
блог

Салем достар! Бұл менің екінші блогым. Екінші блогта алға қойған мақсатымыз туралы жазамыз. "Байлығы жоқ адам кедей емес, мақсаты жоқ адам кедей" демекші өзімнің алға қойған мақсаттарым жайлы айтайын.

Ең алғашқы мақсатым ағылшын тілін меңгеру. Ағылшын тілі жаһандану тілі болғандықтан осы тілде еркін сөйлегім келеді. Бұл тілді әрбір адам білуі керек. Қазақстанда да қазіргі кезде ағылшын тіліне көп көңіл бөлуде. Осы мақсатымның орындалуына байқау мен Нұрбол Нұрмаханұлының көп көмегі тиеді деп ойлаймын.

Ал екінші мақсатым тек ағылшын тілін ғана емес басқа тілдерді де жетік меңгергім келеді. Әсіресе араб пен кәріс тілдері ерекше ұнайды. Болашақ мамандығым аудармашы болғандықтан көп тіл білу өзіме тиімді.  Әрине, көптеген тіл білу оңай емес, "адам жасағанды адамда жасай алады" демекші менің қолымнан келеді деп ойлаймын. Тіпті қазақтардың арасынанда көптеген тіл білген адамдар шыққан. Мысалға: Құдайберген Жұбановты алсақ болады. Ол кісі 38 жыл өмір сүрседе 16 жуық тіл білген. Сондықтан әрқашан өзімізге сенуіміз керек. 

Үшінші мақсатым Мекке Мадинаны  көргім келеді. Бұл әрбір мұсылманның міндеті деп білемін. Егер де шет елге жолым түсіп жатса алғаш Түркияға барар едім.

Осы мақсаттарымның орындалуы үшін тек сабақ оқуым керек. Ағылшыннаң күніне жаңа сөздер жаттап, репетиторға барамын. Араб пен кәріс тілін интернет желісі арқылы үйренемін.

Жекелей жеңіс ол бір адамның жеңісі оған өзі атсалысып өзі жеңіп шығады. Ал топтық жеңіс ол бәріне ортақ жеңіс. Бәрі топтасып бір женнен қол, бір жағадан бас шығарып жұмыс атқарады. Бәрін әрқашан бірге жасайды. 

Байқау арқылы өзімді жетілдірсем деп едім. Жаз айын бос өткізбей осындай байқауға қатысқым келді. Алға қойған мақсатыма осы массагет арқылы бірер табан жақындасам деп едім. Бұл байқау әділ ойналады. Сондықтан жоғары нәтиже күтемін. 

"ПАРАСАТ" ТОБЫ АЛҒА!