Уақыт деген алтынды бағалайық (байқау)

Уақыт деген алтынды бағалайық (байқау)
жеке
блог

Мақсат - адамның ой, арманының межеленген жері. Оған жетуге барлық адам баласы талпынады. Арман мен мақсат бір ұғым секілді. Кейде жеңесің, кейде жеңілесің. Кейбір сәтте құлайсың, жылайсың да. Оның бәрі мақсатыңа жету үстіндегі талпыныс, қозғалыс. Мақсатыңа жету үшін әрине ар-ұят, намыс, ақыл-бірінші орында болуы тиіс.

Сәлеметсіздер ме, Массагеттік достарым! Сіздермен бірге мен, Қарлыға Бүйенбай апамыздай ардақты жан жетекшілік ететін қайсар да өжет жандардан құрылған "Томирис" тобының мүшесі - Жұбаева Мөлдір Кенжеқарақызы)

"Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!" атты байқауымыздың бірінші кезегін бастағалы отырмын. Жоғарыда аталып өткендей есімім - Мөлдір. Әкем -қызым арын кірлетпей, намысты болсын деп атымды Мөлдір қойыпты.

Өзім жайлы айтсам, сонааау Батыстың Ақтөбе деген қаласының, Ырғыз деген ауданында тұрамын. 2001 жылда, ақпанның қатты аязында, жылан жылында туыппын. Содан болар, анам маған ылғи, сен туған кезде күн өте аяз болды. Роддомдағы тәтей - Қызың жылан жылы мұндай мезгілде туылғалы тұр. Құдай қаласа, қыстай қатаң, намысшыл, жыландай өткір тілді болар депті.

Сөйтіп тәй-тәй басып, 2006 жылы мектеп табалдырығын аттадым. Жақсы оқитын балаларды іріктеп, Ырғыз гимназиясына жіберді. Мен де сонда оқыдым. Сөйтіп, ата-анамның атын кірлетпей келе жатырмын.

Мөлдір

Өмірлік ұстанымым - қай кезде де уақытты босқа өткізбеу.Өз өзіме сенімді және позитивті болу!


Сүйікті және еліктейтін тұлғам:Гүлназ Әлімгерей және Қарлыға Бүйенбай


Хоббиім - кітап оқу. Маған қаншалықты уақыт берсе,соның барлығын-кітап оқуға жұмсар едім. Менің бос уақытымда айналысатын істерім көп-ақ.


Техникаға жақынмын. Үйде бірдеңе істемей бұзылып қалса, оны демде жөндеп тастаймын. Үйдегілер бұл әдетімді өте жақсы көреді)) Қолым бос бола қалса, компьютерге отырамын. Сағаттап отыратындықтан болар компьютерді 5-ке білемін деп айта аламын! Көршілерде де телефоны немесе компьютері бұзылып қалса бірден маған келеді! Әрине,мен де көмек қолын созудан жалықпаймын!

Тамақ істеген жақсы. Әсіресе, тортты аса құлшыныспен жасаймын.

Торт
Байқауға қатысқым келген ниетім - өзімді сынап көргім келеді. Және де Массагеттіктермен жақын танысу.

Алдағы уақытта Массагет порталы қандай байқау немесе жарыс ұйымдастырғанын қалайтынымды айтар болсам-осы жарыс басталмас бұрын қатысушылар өз жетекшісін таңдап жатқан сәтінде мектеп қабырғасында оқымайтын аға-әпкелеріміздің де қатысқысы келетінін байқадым. Осындай жарыс енді сол кісілерге арналса екен!

Бұл байқау өзіме қатты ұнады.Шарттары да,барлығы да,тіпті тақырыбы да әйбат екен!