Кешегі тентек қыз - бүгінгі бойжеткен

Кешегі тентек  қыз - бүгінгі бойжеткен
жеке
блог

Атам  мен апамның  қолында өскендіктен ерке, тентек,  қырсық  болып  өстім.  Әкемнің  ағаларының  балаларымен  бірге жүретінмін.  Оларда  жандарынан  тастамайтын. Бұзық  болғаным  соншалықты ауылдың  балаларын  көшенің  бергі бетіне өткізбейде қоятынмын. Басымнан  өткен  бір оқиғаны  айтып  берейін. 

Көшенің  балалары менің  үйімнің  алдынан  табылады. Бір  күні  сыртқы шықтым.  Балалар  төрт  тас  ойынын  ойнап  жүр екен. Менде барып  қосылдым.  Әділдікті жақсы көретін  Әсел, әділетсіз  ойнағандарды  ойыннан  шығарып, міндетті  түрде ұрысып,  төбелеседі. Үйіміз  тиіп  тұратын  көрші  Абай,  Абзал  есімді ағалы - інілі тұрады. Көбінесе солармен төбелесіп  қаламын. Ойын  кезінде Абай шартты бұзып,  әділетсіздік танытты. Ойыннан шығарып  жібергенім үшін менімен  төбелеспекші. Менде қарап қалмадым. Қыздардың  жақсы әдісі бар ғой, шымшылап  тістеу. Соны да қолдандым. Інісі де қарап  қалмады. Екеуімен төбелестім, бірақ  жеңілмедім.  Оларды жылатып  үйлеріне жібердім. Бір  кезде ағалы-інілі үйінен  қалың  ұзын  жіп  алып шықты. Көшеміздің екі жағында бағана болатын. Сол жерге барып  жіпті байлап  қойды. Маған : " енді осы  жерден  өтетін  болсаң аямаймын,  менен таяқ  жейсің"-дейді. Айтқанымнан қайтпайтын мен  "көрерміз  кім-кімді өткізбейтінін"  деймін. Ойын  жалғасып  жатыр. Бір кезде апам дүкенге барып  кел деді. Екеуімен тағы төбелесіп  дүкенге барып  келдім. Бірақ оларды өзім жаққа өткізбей қойдым. Егер  үйдегілер  ұрысып  алып  кірмегенде біздің ойынды жай ғана  тамашалап  отыратын  еді. Айта берсем  бұзықтығым жетерлік. Шашымды бірінші сыныпқа дейін тақырлап жүрдім. Көйлекті де сирек киетінмін. Ағаларыммен  қоғаға  барамын. Бұзық  болсамда өте қамқор  болдым. Басқа көшенің  балалары біз  жақтағы балаларға тиіссе  қызғыштай  қорғаймын. Қазір  бой жеттік. Бұзықтығым  басылған. Кейбір  достарым  мінезіме,  түріме қарап  бұзық  болғаныма сенбейді.