Кіршіксіз ақ жүректер, бұлар біздің түлектер!

Кіршіксіз ақ жүректер, бұлар біздің түлектер!
жеке
блог

Тілеген ақ ниеттер,
Кіршіксіз пәк жүректер.
Сәтті сапрар сіздерге,
Бітіруші түлектер!

Бүгін олардың жанарларынан ерекше қуаныш пен қимастықты көрдім. Алғашқы қоңырау соғылғаннан бастап, бір келкі формада киініп өзінен кейінгілерге үлгі көрсетті. Қыздары әпкелік қамқорлығын төксе, ұлдары қорғаныш қалқан бола білді. Иә.......... небәрі 11-жыл оқыған мектеппен қоштасуға олар асық емес секілді. Ақ жолмен жүріп, жүректі елжіретті. Ұстаздардың тәрбиесіне сансыз рақмет айтып, соңында сәл-пәл еркелепте қалды. Бұл жолғылар мүлде ерекше дайындалыпты. Кештін бәрін өздері жүргізді. Бишісі де, әншісі де 11-сынып. Әдетте басқа сыныптар оларға сыйлық жасаушы еді...Қысқасы не керек соңғы қоңырау қызық өтті.Айтпақшы мен бір нәрсені ұмытып барамын. Ол-мектеп вальсі.Ойхой, билері ерекше!!! Қазіргінің тілімен айтқанда "Мықты,мықты".Ұстаздар тілек айтуға шыққанда, ҰБТ жайлы міндетті түрде сөз қыладығой...ҰБТ десе кірпіктерің қағылып, қайта-қайта тамқтарыңнан бірдеңе жұтқандай көрінесіңдер...Ойлап отырған шығарсыз бұл қандай мектеп деп, түлектерге сыйлық жасамаған...Жасадық бізде КВН, би, әннің отаны бар.Ал төрт би ансамбілі, олардың әр қайсысының екі биімен мақтанышымыз, Бақдәулеттің алты әнімен, КВН ойнайтын қыздарымыздың өнерін қосыңыз, сосын менің тілегімді деп қойайын.Соңғы қоңырауға оралсақ, әр мектепте "аманат туы" деген болмаушы меді? Біздеде сол... дәстүр бойынша ту табыстау рәсімін жасадақ. Аманаттаушы Заманхан Дастан мен Керімжан Арайлым, ал қабыл алушы Әліхан Айтжан мен Нұрлыбаева Айнұр. Сол араға қараймын деп ойланып кетіппін.... бір жылдан соң біздің кезегіміз, 11-сыныпқа қарап ҰБТ ойлаймын. Сонымен не керек, аманат антпен алынды. Енді қызық басталды......Соңғы қоңырауды соғу. Бұл жолы Бегалы Сергек пен Заманхан Дастан 1-сынып оқушылырын иықтарына отырғызып алдыда Жұмаш Айша-Бибі мен Керімжан Арайлым қоңырау соғып жүрді. Қандай бақытты сәт! Мектеп мұғалімдерін түлектер биге шақырып бір серпілтіп тастады.Соңында, би кешімен жалғасын тапты!                                                                                      

P.S.Ойебой.... біздің  оқушылар биші екен ғой