Құлтемірдің құлы болма!

Құлтемірдің құлы болма!
жеке
блог

Жаңбырлы күндер артта қалып, адамның бойы сергейтін, шуақты күндерде келіп жетті. Қыстың аязды күндеріне жалыққандар кешкі уақытта далаға шығып серуендейтіндер санын күн санап өсуруде... мен де солардың қатарындамын. Жас ана болғандықтан, бір жасқа толмаған балапанымды далаға шығарып, өзі бұрың-соңды көрмеген тылсым күштермен таныстыру мақсатында саябаққа ерітіп барамын. Бір жағынан балапанымның қолынан жетектеп, «тәй-тәй» деп алға қарай жетектеймін.  

Кішкентайым жүре-жүре шаршап, отырғысы келді. Екеуіміз орындыққа жайғастық. Шөлдеп қапты. Қолына ұстатқан бөтелкедегі суды тоқтамастан тауысып тастады. Бөтелкедегі су таусылып қалған соң, оны қоқыс жәшігіне салайын деген сәтте жан-жағымадағы адамдарға көзім түсті.  Балалар шулап-улап өздерімен өздері ойнап жүр. Бір бала қулап жатса да, ешкім мән берер емес тіпті анасы да. Себебі, ата-аналардың көзі балаларда емес, телефонда...

Қызық қазіргі сәтте «баланың көңілі далада, ананың көңілі соткада ма?» Егерде саябақта өзімен бірге серуендеуге келген балаға бір жағдай болып қалса, не болады? Неге соны ойламайды? Бүгінгі таңда жауапкершілікті сезінуден қалғанымыз ба?

Телефоннан не көреміз? Жұлдыздардың өмірін, одан қалса жақындарымызды не істеп, не сатып алғанын одан басқа артық нәрсе көретіндер легі толысып жатқан шығар бірақ, көбісі жоғарыдағы адамдардың өмірін тамашалағанды ұнатады. Ұнатып қана қоймай, сондай жағдайды өз отбасына талап еткісі келеді. Онымен қоса біреудің түскен суретіне пікір айтып, келесі адамға мақтағаннан гөрі жамандап өсек айтады. Өсекшілер саны онсызда көп қой, олардың санын көбейтудің қажеті не?

Баланың қандай болу ата-ананың махаббатына тікелей байланысты. Дүниеге келген сәбиге жауапкершілікпен қарап, тәрбиесіне қарауды ертеңге қалдыруға болмайтынын түсінсе екен!