"Қыз өссе елдің көркі"

"Қыз өссе елдің көркі"
жеке
блог

Шыр етіп дүние есігін ашқалы бері,Қазақ елінде туып-өскеніме мақтана аламын!"Отан отбасынан басталады" деген, сол бір отанның ұйытқысы,берекесі-әйел адам. Болашағымыз тәрбиеден басталар! Заттай байлықтың құны өршіп тұрған бұл кезеңде руханият аяқ астыға қалмау керек.Қазақ халқы жалпы әйел адамын жақсы сыйлаған.Қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып отырған,оның болашақтағы Ел анасы боларына кәміл сенген.Кішкентайынан даланың ерке елігіндей бұлаңдап өскен.Нәзік жанды қыздарға қарап,ер жігіттердің бойына күш-қуат енген.Аналарымыз бізге қандай үлгі көрсетсе,болашақта біз соны көрсетеміз!Бізге берілген тәрбиені ұмытпайық,ешқашан да қазақ екенімізді ұмытпайық! Шіркін-ай,қазірғі болып жатқан жағдайларға қайран қалам!Неге қазақ қызы жылайды?!Неге қазақ қыздары жылауы тиіс?Неге?Сол сұрақ көкейімді жаулап алды?!Қыз баланың жеңіл жүрістігінен,тәрбиенің жоқтығынан,ұяттың кетуінен?!Кім осындайға жеткізді сіздерді,кінәні басқадан іздемей,өзіңнен іздеуің керек!"Тана көзін қыспаса,бұқа жібін үзбес"деген бір сөз бар едіғой!Бұл сөздің мағынасы қайда жатыр?!Алдамшы өмірдің жетегіне кетіп,баянсыз өмір соқпағына қалай түсіп кеткенін байқамай қалады.... Бүгінгі жас өркен қыз баласы-ертеңгі өркениетті мүшесі!Қыз баланы тәрбиелей отырып,ұлтымызды тәрбиелейміз!Қаракөздеріміз бұрымды шашымен,инабатты мінезімен,ақылдылығымен,кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене берсін!!!