"ДенсаулықKZ" арнасы

"ДенсаулықKZ" арнасы
жеке
блог

 Елімізде ең басты құндылық – адам болғандықтан, адам өмірінің мәні мықты да салауатты денсаулықта. Сол себепті бүгінде өз алдына жеке арна болуға сұранып-ақ тұрған нақ осы – медицина саласы. Бірлі-жарым медицина жайындағы бағдарламалар жыртыққа  жамау болып жарытпайды. Бүгінгі ғасыр ғылым мен техниканың, цифрлық технологияның заманы болғандықтан медицина да сол көштен қалмай халыққа лайықты қызмет көрсетуі шарт. Ақпараттар ағынының көшінен қалмай, медицина арнасы ашылса ел тұрғындарының медициналық сауаты кемелденіп, дертіне шипа іздегендер өз қажетіне жарар ақпарат  алатын еді.

  Шалғайдағы аудан-ауылға көмек дер кезінде жеткізілмейді деген уәждерді жиі естиміз. Ал сол халге жетіп, ауру асқынуына не себеп? Әрине медициналық сауатсыздық. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі теледидардан сериал көріп күнін өткізуде. Тіпті ең тұрмысы төмен отбасының үйінің төрінде бір теледидар тұрары даусыз. Заманың түлкі болса, тазы болып шап - дейтін халық даналығының іске асар тұсы осы. Ақпараттық технологияны пайдаланып, халықтың медициналық сауатын арттыру қажет. Тікелей эфир желісі арқылы тіпті керек болса тәулік бойы медицина саласының білікті мамандарымен сұрақ-жауап жүргізілсе нәтижесі таң қаларлық боларына сенімім кәміл. Төсек тартып жатқанда ғана дәрігерге көрінетін қазақ қауымына, ауырмаудың жолын түсіндірсе, өз денсаулығының қадірін түсінер ма еді? Ауруханадағы ұзын-сонар кезек пен қағазбастылықтан қажыған халық тіпті емханаға да барудан қалып барады. Батыс елдерінде әр азамат жыл сайын толық медицинадан өтуі қажет екен. Ал сіз ше? Ең болмағанда өмір бойы бір рет барып, тексеріліп көрдіңіз бе?

   Мендегі арман дерсіздер мүмкін? Бірақ орындаларына сенімім мол!