Бір кем дүние

Бір кем дүние
жеке
блог

Біреулер өмірді өзенмен теңейді. 

Өмірге деген көзқарас әр адамда әр қилы. Бірақ менің ойымша оның мәні болу керек. Бір күндік өмірдің мәні болмайды. Мен әр кеш сайын өзімнің өткен бір күніме талдау жасаймын. Бүгін мен не істедім? Жақсылық па, жамандық па саралаймын. Дұрыс емес жерлерімді келесі күні жібермеуге тырысамын. Бірақ адам қателіксіз өмір сүруі мүмкін емес. Тек сол қателікті уақытында біліп отыру керек деп ойлаймын.

Адамның алға қойған мақсаты болу керек деп ойлаймын. Армансыз, мақсатсыз адам жарықсыз үңгірмен тең. 

Кей кездері біреулерді өсектеп, ия болмаса кей өсектерге сеніп жатамыз. Оның шын ия өтірігін саралап бас ауыртпаймыз. Оның мұндай күйге тускен себебін де біле бермейміз. Ал өзге емес өзімізге бір рет болса да сын көзбен қарап көрдік пе? 

Біз пендеміз періште емес сол үшін де әлсізбіз.Кейде біз пенде екенімізге қуанамыз.Алла тағаланың ойлау,сөйлеу,іс-әрекет,қабілет бергеніне шүкіршілік айтамыз.Ешбіріміз толыққанды жаратылмағанбыз.Аллам кейбіреулерді соқыр,керең етіп жаратса,кейбіреулерді мүгедек етіп жаратқан.Бірақ бақытқа жетуіміз үшін,мына алақандай жүрегімізге қайғы-мұң,қуанышпен бақытқа толы ұлы құдірет сонымен қатар махаббат орналастырған және бізді сол әлемнің бағбаны етіп қойған.

Көп адам өзінің өмірге не үшін келгенін, не үшін өмір сүріп жатқанын білмей өтіп жатыр. Бұл сөздің де жаны бар.