Терезенің арғы беті,бергі беті

Терезенің арғы беті,бергі беті
жеке
блог

 Терезенің арғы беті тұнып тұрған менің балалық шағым.Шіркін,бәрінен де керемет кез ол біздің бақытты балалық шағымызғой.Уайым да жоқ еш нәрсені ойламай,шауып-ойнап мына өмірге разы болып жүретінбіз.Балалық шақ ұмытылмас қызықты,естелікке толы күндер.Анашымның құшағында еркелеп,сүтке тойған қозыдай жатушы едім.Балалық шақтың қызықтары:кешірілмейтін қателіктер жасауға бола беретін кездер және кешірім болатынына үміттену,бақыт үшін бір ғана балмұздақ жеткілікті сәт,ұйықтаудың арман емес,міндет саналуы.Суға түсіп жазда арық жағалап,сөз түсінбей,бәріне еркелеуші едік.Атам мен әжем менің армансыз қылықтарыма көз жұма қарайтын кез,ол балалық шақ.Кеше ғана сәби едік,бүгін міне есейіп бойжеттік.Балалық шақтың бал дәмін сезінген бұл кездің ең бақытты шақ екенін естен шығармайық.

Терезенің бергі беті менің болашағым.Менің қазіргі алға қойған мақсатым оқуымды үздік бітіру.Ол үшін адамда өзінің бойында осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет.Бұл мамандыққа жету екінің бірінің қолынан келмейтін іс.Сондықтан мен ешкім жетпеген жетістіктерге жеткім келеді.Журналист болу үлкен мәртебе деп білемін.Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін,өз бейімділігін тануы қажет.Ең бастысы-адам еңбекке қабілетті,зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды,бағалы үлес қосатындай болуы шарт.Өз ісіне сенімді,дұрыс жол таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.Адам еңбегінен қуанышын таба білсе,бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі.Зор ықылас,шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат.