Кімбіз біз соншама?!

Кімбіз біз соншама?!
жеке
блог

Итімді біреу таяқпен ұрса керек,бүгін ақсаңдап қалыпты."Ақсақ құлан" ызалы киіктің аңшыны өлтіруін сипаттаса,менің ақсақ итім жайлы күй жанарға жас тұндырады...Далаға шығып,"қалың қалай,балақай?" дегенмін, ақсаңдаған кейіпінде алдыма келді.Мен жерде отырып,оны сипадым.Неткен құдіретті жануар бұл!Тілсіз,жанарымен мұңымен бөлісетін...Жеті минуттай құшақтап отырдым.Қорғай алмай қалғаным үшін,өзгеге ренжіткізіп қойғаным үшін,қазір тұрып,үйге кіріп кететінім үшін кешірім сұрауды қайталай бердім...Ол да біреудің баласы ғой.Ол да бір тіршілік иелерінің еркесі еді.Ал біз оны өзіміздің күзетшіміз еттік.Кімбіз біз соншама өзгенің өміріне қожалық ететіндей?Қожалық етіп қана қоймай,жаралап,қызыл қанын төгетіндей жауызбыз ба?!Ендігі еркіне жіберсем,көше кезіп,бұзылып кете ме деп қорқамын.Үйсіз-күйсіз тіршілікке еті сіңген иттердің құрбанына айналады ма деп қорқамын..Салқын түнде дәрменсіз күйінде қалдырып кететінім үшін өзімді кінәлі сезіндім, көкірегімді мұң кернеді.Жазда ғана отбасымызға қосылып,үркіп,жасырынған кішкентай күшік бүгін бізді қорғаймын деп жараланды.Үйге,жаныма алып,айыбымды жуғым келді.Қайғыға толы мөлдіреген көздерді тіпті тас қараңғы түнде көре алдым.Енді өзімнің көз жасым көл-көсір.Сол кезде,далаға шыққанда мән бермей,өте шықсам жанынынан дұрыс болар ма еді?
Ит-жеті қазынаның бірі. 
Неге біз мұншалықты қатыгезбіз,адамдар?Менің итіме қол көтерген адамға