"Мен бұл сәтті түсімде көргенмін!" немесе түс көрудің адам өміріндегі маңызы

"Мен бұл сәтті түсімде көргенмін!" немесе түс көрудің адам өміріндегі маңызы
жеке
блог

Кімде кім түсінің не себепті пайда болуын түсінбесе, онда ол кісі бойындағы фобия, жабысқақ ойлар мен сандырақ ойлардың пайда болу себебін түсінуге тырыспай-ақ қойса да болады. © Зигмунд Фрейд 

дрим

Бүгін мен түсімде жақындарымның қалаға келгенін көрдім. Сол сәтте-ақ анам телефон шалды, маған туыстарымның Астанадағы Хан-шатырда тамақтанып отыр дегеніне өте қатты таң қалмадым. Әрине, естіген құлаққа күлкілі болып көрінгенмен,кейбір түстердің белгілі бір мағынасы бар екеніне сенімдімін.

Әйгілі психолог Зигмунд Фрейд теориясыБұл әлемге әйгілі психолог Зигмунд Фрейд. Ол өзінің "Түс жору" жұмысында, түс көруді екі классқа бөледі.

1. Адамның түйсігінің осы шақта немесе өткен шақта болған оқиғаларына түс арқылы шолу жасауы.  Мұндай түстерді ол болашаққа қатысы жоқ деп санады.

2. Болашақты түс арқылы көру немесе жору. Оның ішінде түстің мағынасын ашып білу де жатады. 

Бұл теориялар, психологтың айтуынша, осы салада жұмыс жасаған көптеген психологтардың жұмысын оқып барып келген шешімі болған. Басқа әлемБір мезетке түстің қандай болатынын есіңізге түсіріңізші. Мүмкін, балалық шақтағы қорқынышты түстер, мүмкін, достарыңызға айтатын қызықты түстер, немесе дежавю... Бұлардың бәрі сізге таныс қой. К. Ф. Бурдах, неміс философы,түсті адамды шындықтан алып кететін табиғи мұқтаждық деп қарастырды. Бұл туралы айта келе бір әңгіме еске түсті. Бірде, жасы қырыққа келген еркек түсінде әйелімен, балаларымен қоштасып жатқанын көреді. Бұған себеп ақыр заманның келуі екен. Түсінен атып оянып,көзіндегі жасын байқайды. Бұл адамның түсі шын өмірде көп ойланбай жүрген, бірақ түйсігінде жүрген ойлардың сыртка шығуы деп түсіндірді психологтар.

Кейбір түстер бұрмаланған түрде болады ғой, оның қандай мағынасы бар?   сенімсіздік

Әрине, бұл сұраққа жауап іздей келе, Дельбефтің әңгімесіне назар аудардым. Бұл әңгіме Фрейдтың жұмысынан алынған. Бірде Дельбеф түсінде қар жауып жатқан үйінің маңында жүріп, 2 кесіртке тауып алады. Содан кейін, жануарларды жақсы көргендіктен, оларды алып, үйіне кіргізіп, қабырға жаққа алып келіп қояды. Сол жерге гүлдің жапырағын алып келіп, оларға Asplenium ruta muralis деген ат қояды. Кенет көзін көтерсе, үй жағындағы ауласына бір емес, бірнеше кесірткелердің келе жатқанын байқайды.                             

                               Шындыққа қандай қатысы бар дейсіз ба? 

Реалити

 Дельбеф бұл түсін көптен есінен шығара алмай жүреді. Гүлдің атын, тіпті, іздеп табады. Шындығында, бұндай гүл бар болатын, және Asplenium ruta muraria деп аталатын. Дельбефтің түсінде, әрине, кейбір әріптері шатасқан. Дегенмен, латын сөздерін білмейтін адам гүлдің атын латынша қалай атап қойды? Бұл түсті көргеннен кейін, он алты жыл өткеннен кейін, құрбысының үйіне барып, гүлдер салынған альбомды тауып алады. Түсін еске түсірген ол, asplenium деген бетті ашып, сол жақтан өзінің қолтаңбасын табады. Шындығында ол осыдан бірнеше жыл бұрын,  құрбысының альбомын ақтарып жатып энциклопедиядан көрген гүлдің атын көшіріп жазып қойған екен. Кейінірек ол туралы, әрине, ұмытқан. Ал кесірткені көрген себебі: баяғыда бір журналға тіркелген кезде, соның ішінде "Кесірткелердің шеруі" атты суретін көргенін, кейінірек, ескі журналды қарап жатып есіне түсірді. 

               Бұл өмірде түстің бекерден бола бермейтінін сезіп жүрген боларсыз, бірақ шын мәнінде үңіліп ойлап жүрмеген де шығарсыз, кім білсін? Дегенмен, күнделікті анализ жасар барысында, бір мезет болсын, ойланып көріңіз, мүмкін, сіз де қандай да бір байланысты табатын боларсыз. Егер өмірімізге қатысы болмаса, түсімізге қалай кіреді? думать