Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен әлем кубогын аяқтады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен әлем кубогын аяқтады

Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері Иран астанасы Тегеранда өткен әлем кубогында жалпыкомандалық есепте 7-орынды  қанағат тұтты. 

БӨЛІСУ

Жарыстың соңғы белдесулерінде Финляндия құрамасымен күш сынасқан жерлестеріміз 4:4 есебімен тең түсті. Классификациялық ұпай жүйесі бойынша жеңіс 17:15 есебімен Қазақстан құрамасы пайдасына шешілді.

Финалда Ресей құрамасын жеңген жарыс қожайындары жеңімпаз болып танылды. Қола жүлде үшін өткен тартыста Әзірбайжан елінің өкілдері Венгрия балуандарынан мықты екендіктерін дәлелдеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz