Футбол

Футбол
жеке
блог

Футбол атты ғажап әлемнің ең жарық жұлдыздары (Криштиану Роналду  мен Лео Месси)

 Роналду мен Месси

  Ол екеуінсіз қазіргі футбол әлемін елестету қиын. Олар мүлдем бір-біріне ұқсамайды, екі түрлі стиль, екі түрлі болмыс, екі түрлі мінез...

 Роналду

 1. Криштиану Роналду 1985 жылғы 5 ақпанда Португалия мемлекетінің Мадейра қаласында, нақтырақ айтқанда Фуншап аралында қарапайым шаруалар отбасында (әкесі Жозе Авейру бағбан болған, 2005 жылы өмірден өткен, анасы Доллерес – аспаз) дүниеге келген.

  Ол он екі жасында Лиссабондық Спортинг клубының интернатына қабылданып, 2003 жылға дейін осы клубтың сапында өнер көрсетеді. 2003 жылы Спортинг пен Манчестр Юнайтед арасындағы жолдастық кездесуде Роналдудің дарынын байқаған Манчестердің бас бапкері Фергюнсон оны  Манчестр Юнайтедтің жұлдызы етеді.

Роналду Манчестр сапында жеңіске толы 6 жылдай уақыт өткізіп, АПЛ-дағы барлық мүмкін жүлделерді алып, АПЛ-де 2007-2008 жылғы сезонда 31 гол соғып, Алан Ширердің рекордын қайталады. Осы уақытқа дейін Аллан Ширердің рекордын екі ойыншы ғана қайталаған, олар Роналду мен уругвайлық Луис Суарес (2014 жыл).

Сосын, ол 2009 жылы ХХ ғасырдың ең үздік клубы Реал Мадридтің ойыншысы атанды. Қазіргі таңда, Роналду Реал Мадридтің ең үздік ойыншыларының бірі әрі Реал тарихындағы ең үздік сұр мерген. Корольдік клубқа, Галактикосқа баланған Реал Мадридте Роналду айтарлықтай командалық табысқа қол жеткізбеді. Мадридтің жейдесін кигелі Роналду бар болғаны 1 ЧЛ кубогін (осы жылы екінші мәрте Чемпиондар Лигасын ұтып алады деген сенімім мол) және 1 Ла Лиганы ұтып алды. Роналдудың рекордтары футбол сүйер қауымды таңғалдырмай қоймайды, ол бар жоғы 6 маусымда Реал тарихындағы ең үздік сұр мерген атанды, сондай-ақ, Чемпиондар Лигасының, Португалия футболының тарихындағы ең үздік сұр мерген.

Роналду 3 алтын доптың (Аллаһтың қалауымен төртіншісінде алар)және 4 алтын бутсаның иегері. Роналдудің ұтпаған жалғыз трофейі – ол әлем кубогі немесе Еуро кубогі. Роналду сияқты, ұлы футболшылардың ұлттық құрамамен жетістікке жетпеуі оның миллиондаған жанкүйерлерінің қабырғасын қайыстыратыны анық. Өмірде ештеңеде мінсіз болмайды деген осы-ау...

Айып соққысын (штрафной) орындаудан ешкімге дес бермейтін және әдемі финттері арқылы қорғаушыларды кезек-кезек алдайтын Роналду соңғы үш жылда бұл қасиеттерінен мүлдем ада, бүгінгі таңда оның көптеген жанкүйерлері Роналдудің бойынан МЮ сапындағы Роналдуді көргісі келеді.

Португалия құрамасы 4 жылда бір болатын Еуро чемпинатында және Әлем біріншілігінде еш уақытта сәтті өнер көрсетпепті, Еурода 1 күміс (2004 жыл) пен1 қоланы (2012 жыл) місе тұтса, Әлем біріншілігінде кіші қолаға ие болған (2006 жыл). Бірақ, Германия, Испания, Голландия, Франция сияқты кіл мықтылар тұрғанда Еуроны ұтып алу орындалмас арман  сияқты. 2010 жылғы, 2014 жылғы Әлем біріншілігі Португалиялықтар үшін оңай болған жоқ.

 Месси

2.    Месси 1987 жылы 24 маусымда Аргентинада дүниеге келген. Үш ағайынды. Жасынан гармон тапшылығын көріп өскен кішкентай Лео өскенде футбол тарихында ұлы ойыншылардың бірі болам деп ойламаса керекті. Оны жұлдыз қылған осы гармон тапшылығы ма деген ой келеді. Әрине, бәрі тағдырдың жазуы.  13  жасында жергілікті клубтар талантты баланы емдеуге қаржы бөлгісі келмей одан бас тартқан екен. Сөйтіп, жергілікті клубтардан қайыр болмағандықтан, оны әкесі Испанияға апарады. Осы кезден бастап қазіргі заманның ең үздік ойыншысы Католондық Барселона клубының ойыншысы атанады.  

Жас дарын Барселона сабында 2 треблдің иесі (Реал 113 жылдық тарихында бір-бір требл ұтпаған), 4 мәрте Чемпиондар Лигасының, 8 мәрте Испания чемпионы атанады, Әрине бұл жалғыз Мессидің жетістігі емес, бұл Хави мен Иньестаның есіл еңбегі. Хави мен Иньеата бір тұлға іспеттес, екеуінің арқасында Испания Әлем біріншілігін (2010 жыл) алды және Еуропада қатарынан екі рет үздік деп танылды (2008, 2012 жылдар).

Қазіргі таңда, Месси Хави мен Иньестаның орынын алмастырғандай. Әлемдегі теңдесіз дриблингтің иесі,  айып соққысын орындауда шеберлігін арттырып, пенальтиге қарағанда айып соққысын керемет орындайтын болды.

Бес алтын доптың және 3 алтын бутсының иегері, Ла Лига, Барселона тарихындағы ең үздік мерген, күнтізбелік жылда 91 гол салып (73-і клубта) Герд Мюллердің рекордын бұзып, бірнеше рекордардың иесі атанған Месси қазір рекорд сөзінің синонимі іспеттес.

Леода, Роналду сияқты ұлттық құрама сабында ештеңе ұтқан жоқ. Копа Америка турнирінде және Әлем біріншілігінде күміс медальдарды қанағат тұтты. Аргентиналықтар соңғы 23 жылда ештеңе ұтпапты. Қайран Диего Мараданна дейсің осындайда.

Ди Мария (егер не істейтініңді білмесең, Ди Марияға пас бер деген екен бір комментатор), Агуэро, Маскарено, Игуаин (биылғы маусымда 36 гол салып Серия А-ның рекордын жаңартты)  сияқты алтын ұлдар ойнайтын құраманың екінші орыннан көтеріле алмай жүргені Аргентиналықтардың жанына бататыны сөзсіз.  

Аргентиналықтар 2010 жылғы Әлем Чемпионатында да, 2014 жылғы Әлем Чемпионатында да немістерге есе жіберді.

Бірақ, ұлттық құрамадағы Леоның сәтсіз ойындары оны  бір ауыздан барлығы үздік деп атап, оны футбол тарихындағы үздік ойыншылардың бірі (мүмкін үздік) санауына кедергі келтірмейді.