Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Осы күз...

Осы күз...

Осы күз...

Күз неге көңілсіз болады екен? Айнала алтын нұрға боялып, сұлулығын шашып тұрса да, жапырақ неге мұңая құлайды? Бұл күз бұрынғы күзден өзгеше... 

Әманда сондай болған. Күз айы келді дегенше, өзгеріс келді дегейсің. Көңілімде де, өмірімде де өзгеріс күзде көп болады. Күз екеуміз егіз сияқтымыз. Кейде ол маған бұлақтың суындай мөлдіреп, анамның жанары сынды елжіреп қарайтындай, ал кейде ашуын сыртқа шығарар алдындағы адам тәрізді қатал, сұсты, сосын жылауық... Өмірдің өзі сияқты. Бірде мұңға батып, бірде себепсіз ұзақ жылайтын, ал бірде жарқырай қуанып, ашыла күлетін мына мен секілді. Осы күз... 

Осы күз де жаны жүдеген бикешке ұқсайды. Тым сұлу, тым жалғыз, тым тәкаппар. Сосын тәуелсіз. Тәуелсіз болған соң да жалғыз шығар. Бәлкім түбі жоқ тұрмыстың арбасына жегіліп, өз-өзін ұмытқан адамдар сырын ақтарсын деп жұмбақ, мұңды күйге енетін шығар. "Сен жалғыз емессің, мен бармын" деп тілсіз табиғат құлағыңа емес, жүрегіңе сыбырлайтын тәрізді. 

Жасыма жас, басыма бас қосылғанда мына жалғанға тек шынайы көзқараспен қараймын деп ойлаушы едім. Үздіксіз өріліп, көкейіме кептелген қиял-ойымның бәрін шырмап, матап, сол бір жиырма жасыма тастап кетуді құп көргем. Өйткені қол жетпеген жерге жететін жүйрік-ой иллюзия не бұлдыр сағым тәрізді адамға тек көңілсіздік әкеледі деп пайымдағам. Өмір қиялың емес, ол миллиардтаған жыл бұрын бүге-шігесіне дейін мұқият ойластырылып, бекітілген ереже дегем. Бәрі керісінше болып шықты. Өзің өскен сайын, ойың да өсетін тәрізді. Бала қиялың балалық шақта қалмай, сенімен бірге ілесіп келіп, тіпті алпыс жасыңда да өзің ғана түсінетін, өзгелерге түсініксіз қиялыңа бір сәт ерік беруден ұялмайтын сияқтысың. Данышпан қазақ бұл сезімді "көңіл – мәңгі жас" деп бір-ақ ауыз сөзбен түйіндей салыпты. 

Көңіл де тәнмен бірге қартайса ше? Ағарған шаш пен сапсиған сақал өмір мектебінің жоғарғы сыныбын тәмамдағалы отырған пенденің дана болуын ғана талап етпесе керек. Даналық – өмірдің өзі беретін тәжірибе. Ал көңіл... Көңілге кір түспесе, жүрек лайланбаса, кемел адам – сол болмақ. "Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек" деген Абай атамыз жақсылық та, жамандық та жүректің ісі екенін айтқан. 

Жүректің тағы бір маңызды жұмысы – сүю. Тек жартыңды ғана емес, әлемді түгелімен қайтарымына ештеңе сұрамастан сүю. Өзіңе ғана тиесілі кішкене ғаламшарыңды мейірлі махаббатқа, баянды бақытқа толтыру. Сосын "сүйем" деп жарияға жар салудан ұялмау. Өмір тым қысқа ғой.

Күз сияқты... 

3732 2
Рейтинг: +12

Фото:
vk.com
Жазылған уақыты: 16 қазан 2015, 15:05
Тегтер: күз, күз туралы, ой, сүю, махаббат
Пікірлер
+2
21 қазан 2015, 05:10

"Жүректің тағы бір маңызды жұмысы – сүю. Тек жартыңды ғана емес, әлемді түгелімен қайтарымына ештеңе сұрамастан сүю"... Тамаша!!! Пүшкиннің ең сүйікті мерзімі (күз) маған да қатты әсер етіп жүр...

+0
23 қазан 2015, 09:15

Күйіміз ұқсас екен. Мен үшін де биылғы күз өзге күзден өзгерек....

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...