Менің қалауым - журналистика

Менің қалауым - журналистика
жеке
блог

    Әлі есімде, ес жиып, ақыл кіре бастағаннан Абайдың, Мұқағалидың, Мұхтардың өлеңдеріне көңілім ауып, жүрегіме осы алып тұлғалардың әрбір тарау сөздері, әр шумақ өлеңдері терең із қалдырды. Дәл сол көңілім ұшып тұрған кезде, халқыма жақын болам, өлең арнап шығарма жазам деген асыл арман қылаң бере бастады. 

     Кез келген адамның өзінің жүрегіне жақын, жан дүниесі қалайтын мамандығы бар. Мен үшін ол – журналистика. Бұл — адам бүкіл жан дүниесін ізденіске арнап өтетін мамандықтың бір түрі. Тілші болу — көгілдір экранның алдында отыру емес, халықтың ойында, жүрек түкпірінде жатқан жан ай-қайын елге жеткізу. Мейлі ол қандай ащы шыңдық болсын, оны жеткізу — біздің парызымыз. Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай: «Болашағымыз жастардың қолында». Біздің алға қойған мақсатымыз — тіліміз, дініміз, салт-дәстүріміздің дамуы үшін оны басқа халықтарға нақты, мәнді жеткізу. Тілшінің міндеті — осы.