Ажырасу салт - дәстүрге айналғандай...

Ажырасу салт - дәстүрге айналғандай...
жеке
блог

Қоғамда белең алып жатқан ең өзекті проблемалардың бірі - ажырасу. Негізгі себептері : ерлі - зайыптылардың бір - бірінің қадіріне жете  алмауы , әлде ,күйеуінің не әйелінің ішімдікке салынуында?! Қала берді, мінез-құлық, материалдық жағдай, жұмыс, карьера, баспана, перзент сүйе алмау, құмарлық, өзара сенімсіздік, ата-ене, қайын жұрттың әсері – санай берсек бітуі қиын қисынсыз жағдаяттар.  Бірақ негізгі себебі ислами құндылықтарға мән бермеуімізде яғни батыс үлгісіне , мәдениетіне еліктеу болып тұр. Көбінде ажырасуды ер - азаматтың тарапынан деп жазып та айтып та жатады. Бұл қаншалықты рас?!  Себебі біршама азаматтарымыз отбасын асырай алмай маскүнемдікке салынып кетуде, енді бірі өз шаңырағын тастап, басқамен отау құрып, өзгенің түтінін түзетуде. Бүгінде бұл жағдай дәстүрге айналып бара жатқандай. Жастарымыз үйленеді, үй болады шеңбердің орта шеніне жетпей араздықпен жолдары екіге бөлініп жатады. Және кейбіреулері мұны ар санаудан кеткен. Заманның талабынан деп иек артқан , меніңше - қателік, себебі әр адам өзінше - тұлға. Адамгершілікті алға тартып, қандай жағдай болмасын, ауыртпашылықты жеңуге тырысуға әрекет жасап, ерлі-зайыптылар мейлінше сабырлылық танытқаны жөн. 

Жиі кездесетін перзент сүймеуі де отбасының ойсырауына  әкеліп жатады. Себебі бала - бауыр етің, жұбанышың. Перзентсіз отбасында уайым-қайғы, ұрыс-керіс, себепсізден жанжал көп туындайды. Жастарымыздың бала көтермеуіне олардың қалай болса солай, жеңіл киініп жүріп,  суық тигізулері де бірден - бір себеп деп ойлаймын. Шын мәнінде түсіне білген адамға перзент сүймеу ажырасуға еш түйткіл бола алмайды. Ол жағдайда  Алладан перзент сұрап дұға еткен абзал. Сонда ғана отбасын сақтап қалуға мүмкіншілік мол болмақ. Ажырасуды салтқа айналдырмай, адам болуды алға тартайық. Сананы себепсіз нәрселермен уламайық, үй болып, болмашы қиыншылықты жеңуге тырысайық!