Бала тәрбиесі

Бала тәрбиесі
жеке
блог

Көбімізді бала күнімізде ата-анамыз мектептен білім алуға, жақсы баға алуға бағыттады, қосымша үйірмелерге қатыстырып, өнерге де жақын боп өстік. Бірақ біз сол кезде өзімізге ең негізгі керек білімнен бейхабар қалдық. Шынайы өмір сүру ережесінен мүлдем білімсіз болып өстік. Күнделікті тұрмысқа керек дүниелерге маңызды деп қарамадық. Сондықтан, қыз бала ана болуға, ұл бала әке болуға дайын емес болып өсті. Тәрбие дегенді өзім балалы болғаннан кейін түсіне бастадым. Балаға керекті негізгі білім - имандылық жағынан және қаржылық. Ақшаны жаман да емес, жақсы да емес, өмір сүру құралы ретінде қарау, бақыт пен байлықтың бір-біріне еш кедергісі жоқ, бай адам да, кедей де бақытты бола алады немесе бақытсыз болады деп түсіндіру керек екен балаға. Имандылықты адамның терісін өзінен бөлек ала алмайтыны секілді ұғымда балаға сіңірсе мұндай бала ақша үшін жақынына жамандық істемес еді ғой. Баланың дені сау болуы үшін ең бірінші күнделікті таза саумал, қымыз ішкізіп, күреске баулу керек. Ақша табуды, орынды жұмсауды, көбейтуді, харамнан аулақ болуды айтып түсіндіргеніміз абзал. Мен осы блогты толыққанды бала тәрбиелеу тақырыбына арнаймын. Елімізді бір балаға болса да септігім тисе мақсатымның орындалғаны деп есептеймін.