Күйзелістен арылуға 10 қадам

Күйзелістен арылуға 10 қадам

1. Оятқыш төсегіңізден алыс тұрсын. Себебі оны өшіру үшін міндетті түрде тұрасыз. Ал өшіріп жатып сағаттың қанша болғанына қарайсыз. Уақыт болса, неге төсекті жинап, жаңа күнді бастамасқа?

2. Айналаңызды тек әдемілермен қоршаңыз. Көңіліңізге қаяу түсіретіндердің барлығын да алып тастаңыз. Қажет болса, бөлмеңізге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жарықтың жақсы түсуін қамтамасыз етіңіз.

3. Өзіңізді өзгелермен салыстырудың еш қажеті жоқ. Ең дұрысы өзіңізді ең нашар кезіңізбен салыстырыңыз.

4. Егер дәрігеріңізден ешқандай көмектің тиіп жатқанын сезбесеңіз, оны ауыстырыңыз.

5. Бөлме қараңғы әрі тыныш болуы тиіс. Шу мен жарық ұйқының тыныштығын бұзып, күйзелісті үдете түседі.

6. Үнемі бір нәрсемен айналысыңыз. Егер жалғыз отырып негативті дүниелер туралы ойлай беретін болсаңыз, күйзелістен айыға алмайсыз.

7. Алдыңызға қарапайым, бірақ өте маңызды мақсат қойыңыз. Қажет кезде өзіңізді кешіріп, жетістіктеріңіз үшін марапаттап отырыңыз.

8. Отбасыңыз бен достарыңыздың көмегін қабылдаңыз.

9. Позитивті адамдармен көбірек сөйлесіңіз.

10. Комедия жанрындағы фильмдер көріңіз. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: wikihow.com

Қ. Бүйенбай