Т.Қожакеев - ұлы ұстаз!

Т.Қожакеев - ұлы ұстаз!
жеке
блог

                                        

      «Ұстаз деген өз уақытын аямау, өзгенің жанын аялау» Бұл Темірбек Қожекеевтей ұлы ұстаздың  жанымен рухани үндестік тапқан ұлы ұғым.

Ұстаз – шәкірт болашағының бағдаршамы.

  Ал Темірбек Қожакеев ұлы ұстаз! Ол – терең ізденіспен келген маңдай тер мен адал еңбектің жемісі. Сондықтан оның ғұмыры ұзақ.

  Ғалым қаламынан туған “Қазақ сатирасы”, “Сатира және дәуір”, “Адам. Қоғам. Сатира”, “Сатиралық жанр”, “Сатира – күштілер қаруы”, “Сатира негіздері” т.б. салиқалы еңбектері қазақ әдебиеті мен журналистикасында бұрын ешкім кеңінен сөз қыла қоймаған тақырыптарды алғашқы болып игеріп, рухани мұрамызда өзіндік орны бар сатираны әдебиеттану ғылымының игілігіне жаратып, ғылыми айналымға енгізуімен құнды.

ғұлама ғалым еңбектері сатирадай сан сырлы құбылыстың  құпиялы қырын ашып, жанрларының жігін ажыратып,  оның рухани өміріміздегі орнын айқындап беруімен қымбат. Талғамы биік, танымы терең Темекеңдей зерттеушінің бұл еңбектері болашақта әдебиеттанудың сатираға қарасты қырын қарастырамын дейтін талай жас талаптың ғылым жолындағы адастырмас темірқазығына айналары хақ “Ғалымның хаты өлмейді” деген қанатты сөздің мәні осында жатса керек-ті.

     Артында басқан ізін қасиет тұтар ұрпағы бар. Күш-қайратын сарп етіп жазған том-том еңбектерінің сан мың шәкірттер жанына сан ғасыр шырақ жағары сөзсіз. Халқына мәңгілік мұра қалдырған адамда арман болушы ма еді?! Иә, Темірбек Қожакеұлының есімі болашаққа бет алған ұрпақ көшінің алдында ұран болып жүрерінде күмән жоқ.