Көңіл-күйді жақсартуға арналған таблеткалар шығады

Көңіл-күйді жақсартуға арналған таблеткалар шығады

Австралиялық мамандар көңіл-күйді жақсартуға арналған жаңа дәрі жасау үстінде. Ғалымдардың айтуынша, бірінші таблетканы пайдаланғаннан кейін-ақ адамның көңіл-күйі жақсарып, айналаға жаңа көзқараспен қарай бастайды.

Қазіргі кезде бұл «керемет дәрі» Мельбурн мен Квисленд университеттерінде әсерінің қаншалықты нәтижелі екенін анықтайтын тексерістен өтіп жатыр.  Ғалымдар  бұл дәрілердің құрамында адамның көңіл-күйін көтеретін, қайғы-мұңды «қуып жіберетін» қасиетімен бұрыннан танымал бес табиғи компонент бар деп хабарлайды. Сонымен қоса, осы негізгі компоненттерді ағзаға оңай сіңіруге көмектесетін қосымша қоспалар да бар.

Австралиялық мамандардың айтуынша, бұл инновациялық өнім антидепрессанттарға қарағанда әлдеқайда күшті әсер етеді. «Керемет дәрінің»  басты артықшылығы – мидың барлық бөлігіне бірдей әсер етуінде. Сондықтан бұл дәрі бірнеше химиялық жол арқылы нейротаратқыштарға әсер етеді. Одан бөлек жаңа препараттың құрамында қабынуды басатын мырыш пен Омега-3 бар. Ал қабыну күйзеліспен тығыз байланысты екенін де ескеру қажет. 

Дайындаған: Назерке Смағұл

Сурет: vk.com

Y. Smaghul