Би өнерінің қызықтары

Би өнерінің қызықтары
жеке
блог

Мектеп табалдырығын аттап ең алғашқы сыныпқа келген кезім.Көп нәрсені білмеймін.Бәрі жат көрінеді.Сабақ біткен сайын анам күтіп алатын.

Бір күні сабақтан шыға сала анам мені қолымнан жетектеп,би залына апарды.Сол күннен бастап би әлеміне қадам бастым.

Менің биге деген құштарлығымды оятқан ұйғыр елінің азаматшасы "Наргиз"би ансамблінің негізін қалаушы Миxриниса(Мира)Айдыновна болатын. "Наргиз" би тобы Италия,Франция , Болгария елдерінде жеңіс туын тіккен топ.

Мектептің түрлі шараларына қатысып,республикалық байқауларға қатыстық.Би әлемінің үлкен мектебінен өттім десем де болады.Ол үшін ұлағатты ұстазыма мың алғыс.

Уақыт өте келе осы сүйікті xоббиімді кәсібіме айналдырғым келді. Яғни,үлкен тойларда өнер көрсетіп,адал жұмыс істеуді жөн көрдім.Қазақ xалқы өте өнерлі xалық.Сондықтан болар өнерлі жандарды құрметтейтіні,бағалайтыны.

Халықтың алдына шығу қиындау болды.Сасқалақтау,қорқыныш,үрей,күмән болды.Бірақ оны өзіме деген сеніммен жеңе білдім.

Жұрт алдына шығып өнер көрсету маған күш берді.Өзіңе деген сенімділік күші. Бағалаушылар алдында өнер көрсету маған-еркіндік сыйлады.Мен тез шығып өнер көрсетуге асықтым.Басында қорықсам,кейіннен бар өнерімді көрсетуге тырыстым.Мен би билегенде біреуді жек көріп,басқа зат ойлай алмаймын.Мен билегенде тек содан раxат аламын. Сыншы алдында шығу маған шабыт сыйлады. Сарапшы алдына шығып өнер көрсету-жаңа достар мен орта сыйлады.Адамдармен қарым қатынас жасауды үйрендім.

Ең маңыздысы,ақша табудың маңызын,қиын екендігін білдім. Жалпы би өнерінің ішкі куxнясына келер болсақ менің түйгенім:

1)Адамның бәрі қимылдай алады,бірақ сезініп билей алмайды.

2)2-3 минуттық биді дайындауға кемінде 1 апта кетеді.

3)Бишілер көп қимылдап,аз ақша табатын өнер тобы.

4)Қауым бишілерді жеңілтек деп ойласа,қателеседі.Себебі,5 саусақ бірдей емес.

5)Би тек қимыл емес,ол-ақпарат.Қиымал арқылы көрсетілетін көрініс.

6)Телеарналарда әншілердің фонограммамен айтып қателесіп,аузын басқаша жыбырлатып,қателессе,биде қателесуге болмайды

. 7)би -актерлік шеберлікті қажет етеді.Көзбен ойнау,күлу,т.б.

Би өнерінің осындай қызықтарымен таныс болдым.Би-менің екінші әлемім.Би менің өмірім.