Асылзат Арыстанбек: "Жүрек құрғыр тек сөзінде тұрмайды"

Асылзат Арыстанбек: "Жүрек құрғыр тек сөзінде тұрмайды"

Айтмаханова Асылзат Арыстанбекқызы 1978 жылы 26 ақпанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққұм ауылында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің түлегі. «Шабыт» халықаралық жастар фестивалінің лауреаты. «Бесінші маусым» атты өлеңдер жинағының авторы.

Ақынның бір топ махаббат лирикасын назарларыңызға ұсынамыз.


Сүюді бақыт дейтіндер...

Сүйіп те тұрып, сүйікті болып,

Сетінеп жаным, шерленем,

Сүюді – бақыт дейтіннің бәрі,

Әлі де сүйіп көрмеген.

 

Адасып барып, таласып-талып,

Сүрініп, сосын, ес кірді.

Адамның нағыз бақытты шағы –

Сүймеген кезі ешкімді.

 

Жылынып барып, жұлынып-жарып,

Жүрек көзінен жас тамад.

Махаббат оты тұтанған күннен,

Бақытсыздықтар басталад.

 

Көрінбес көзге елесті қуып,

Көңілді, сосын, бір демдер.

Адамның бәрі сүйіскен сәттен,

Бақытын іздеп жүргендер.

 

Санасы әбден ескірген деме,

Санама жасық, пасыққа.

Бақытты болғың келсе егер, досым,

Сүюге онда асықпа!

 

Адастым дей бер, адамның бәрі,

Бақытқа сендей асыққан.

Бақыттымын деп айтпайды бірақ,

Себебі, олар – ғашықтар!

 

Өзім де – тұтқын, шыға алмай келем,

Жүректей жұқа бөлмеден.

Сүюді – бақыт дейтіннің бәрі,

Ешқашан сүйіп көрмеген.

Ақынның жары

Көңілді билесе де сары уайым ой,

Аңсаған арманыма айналған соң,

Мен саған өкпелей де алмаймын ғой.

 

Елес-нұрын қиялда гүлден құрап,

Қыз жүрегін бүрлетер ақыным-ау,

Қызғану да өзіңді үлкен күнә.

 

Қашан келсең, дастархан, тұз-дәм дайын,

Хаттар келіп жатса да ағыл-тегіл,

Қабарып қара сөзден қызғанбайын.

 

Асқынса да жүректе жара, сорам,

Жанарыңда бұлқынып бойжеткен қыз

Жатса да,

Байқамаған бола салам.

 

Сені сүйем! Ай мен Күн куә соған,

Жағасында көйлектің ерін табы,

Ештеңе етпес (ерінбей) жуа салам!

 

Қыздардың арасында бағаң зор, ә!

Екі-үш күн төсегімде жалғыз қонсам,

Керісіп керегі не соған бола.

 

Базарыңа бар ғұмыр бәсін қиып,

Ашуымды жеңдіріп ақылыма,

Аңқылыңа өтермін басымды иіп.

 

Ер алдында әйелдің ақысы көп,

Хордың қызы болса да қандай әйел,

Құрықтауға Ақынды қақысы жоқ!

 

Білем ғой жасқасаң да, қоштасаң да:

Ақын түгіл, бір еркек бір әйелмен,

Бақытты бола алмайды ешқашанда!

 

Үдесінен шықсын деп тіккен үйің,

Қиын маған өлең қып жазу мұны,

Ал өмірде орындау тіптен қиын.

 

Ақылың мен ашуың жақын қонса,

Ақынға әйел болу оңай емес,

Ол әйелдің өзі де ақын болса!

Енді ешқашан сүймеймін деп сөз бергем

Жалықтым ба жалпақшешей ездерден,

Қарықтым ба жалыны жоқ көздерден,

Жаңа ұқтым да жанған оттың жылуын,

Қасірет жоқ екендігін сезбеуден.

Сонан кейін сорлы жүрек солықтап:

«Енді ешқашан сүймеймін!» деп сөз берген.

 

Адастым да жарық күнде жол таппай,

Арт жағыма қарай бердім жалтақтай.

Жердің жүзін шарлап кеткім келеді,

Жүрегімді қоятұғын жер таппай.

Күйбең тірлік батырмайды балына,

Сүйген жүрек ең әуелі сор татпай.

 

Оқылмай-ақ тозған көне кітаптай,

Отыз жылым өтті зулап сынаптай.

Отырғаным мынау енді ой бағып,

Сыр мен жырым жанымды үгіп шыдатпай.

Бір меже бар Аспан жақта, сол жерге,

Өлеңімді апарсам-ау құлатпай.

 

Сабақ алып жаңылысқан кездерден,

Қарап алып ішкі түйсік көздермен,

Қарсы сұрақ қоятынды шығардым,

Қайқы маңдай қаһаныңа кез келген.

Ұйықтап кетіп, отыз жаста оянып,

Мықтап тұрып сияқтымын өзгерген.

...Жүрек құрғыр тек сөзінде тұрмайды,

«Енді ешқашан сүймеймін!» деп сөз берген.

***

Асқақпын, сұраман кешірім,

Тәкаппар болудың несі мін?

Бәрібір ұмыта алмайсың,

Есіңнен кетпейді есімім.

 

Еркемін, ол рас еліктей,

Көрген жан тұра алмас елітпей.

Уысқа түспеймін, әйтсе де,

Уылжып тұрамын өріктей.

 

Жаныңды оқимын балшыдай,

Тәнімді кетемін аршымай.

Үкілі үмітпен алдаймын,

Үзіліп түсетін тамшыдай.

 

Жүректі жүрекпен қарсы алып,

Бағамды біле алдың қаншалық.

Сүюге ұмтылып сол күйі,

Ерніме қаласың тамсанып.

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: Vk.com

Ш. Талап