Шаш жайлы кеңестер

Шаш жайлы кеңестер
жеке
блог

 

    Қыздардың барлығы шаштарының жібектей жұмсақ,тартымды әрі нәрлі, қайызғақсыз болғанын қалайтыны жасырын емес.Ендеше кеңесімізге назар аударыңыздар.Пайдаға жарар!

•Қайызғақтан құтылғыңыз келсе, қарабас (черноголовка) шөбінен жасалатын табиғи тұнбаны байқап көріңіз.Шөпті суға қайнатып,жылы күйінде жуу керек. Бірақ қатты құрғатпай шөптің нәрі шаш бойына сіңгенше біраз уақыт дымқыл күйінде ұстаңыз.

•Шашыңыз едәуір түсетін болса, оның түсуін біршама тежейтін үпілмәлік (касторка) майын пайдаланыңыз. Кәдімгі тіс щеткасын майға малып, шаштың түбінен тегіс жағып шығыңыз. Басты жылы матамен орап,бірнеше сағат ұстаңыз. Содан кейін шашқа арналған сусабынмен бірнеше рет шайып алыңыз. Осылай жиірек қайталап тұрсаңыз шашыңыздың түсуі едәуір баяулайды.

•Ал шашты өсіруге күнделікті тағамға пайдаланатын кәдімгі пияздың да көмегі бар. Пиязды алып, ұсақтап турап, сөлін дымқыл шаштың түбіне жағыңыз. Біршама уақыттан соң сусабынмен шайып тастаңыз. Едәуір уақыттан соң белгілері байқала бастайды.

  Біз сіздерге табиғи компоненттерден дайындалған шашқа қатысты пайдалы маскалармен бөлістік. Бұрымдыларға шаш күтімін жасауда септігі тисе қуаныштымыз!