Жақсымен болған жүздесу

Жақсымен болған жүздесу
жеке
блог

   Бүгінгінің тірі аңызына айналған қаламгер-журналист - Нұртөре Жүсіп. Алла тағала бойына қарапайымдылықты сіңірген лайықты тұлғаларға ғана, биік дәреже сыйлайды екен-ау! Мен Нұртөре ағаны алғаш көргенім әлі күнге есімде. Бірде "Айқын" газетінің редакциясына шаруаларыммен барғанымда, білдей "бас редактор" болып отырса да, әдеттегі сабырлы да қарапайым қалпынан таймай  танымаса да "қызым, көмек қажет болса қысылмай осындағы кез-келген адамға жүгінерсің"- деп арқамнан қаққаны, әлі өзін журналист деп атауға шамасы жетпейтін маған, таудай талап сыйлады. Құдды бір газетке жаңадан жұмысқа тұрған адамдай марқайып қалдым!

   Ал бізбен өткізген шеберлік сағаты студенттерге не берді? Ең әуелі ағамыз сөзінің әлқиссасын өз арманынан бастады. "Адамдар арасындағы қарым - қатынасты ұялы телефон мен электронды техника алмастырған мына заманда, көзі барлар көрмейді, құлақтың иелері естімейді. Электр шамы жоқ болса бұл техниканың бірі де іске жарамас еді!?". Ағамыз өз арманын бізге жеткізіп-ақ, өмірлік сабақ алар ой, дүниеге мүлдем басқаша тың көзқарас сыйлады. Ең әуелі адам қалпында қалуды ұғындырды.

   Ал болашақ жас журналист! Етек - жеңіңді жинап, әлемді өзгерт.