Əлеуметтік желі...

Əлеуметтік желі...
жеке
блог

Əлеуметтік желі-қазіргі күндегі адамдардың санасын улайтын бірден-бір құрал.Еңбектеген баладан,еңкейген қартымызға дейін осы əлеуметтік желінің шырмауынан шыға алмай жүр.Таң атқаннан кеш батқанша телефонға телміріп күндерін өткізу біздің күнделікті əдетімізге айналған заман болды.Мешітке айына бір кірмесекте,"Əлеуметтік желілерге"күніне мың кіруді қанымызға сіңіріп алғандаймыз.Адам өзіне керектісін ғана ала білу керек.

......

Əлеуметтік желінің бізге тигізген ең сұмдық көрінісі ,жақында ғана елді елең еткізген "Синий кит" ойыны жастарымыздың санасын желілер арқылы жаулап,өз - өзіне қол жұмсауға дейін əкеп соқтырған.Бұл сұмдық ойын елімізде ғана емес көптеген елдерде неше түрлі желілер арқылы тарап,жастардың жалаң санасын улауда.Бейбіт заманда осындай жайттың болып жатқаны сұмдық жағдай!..Одан да сұмдық адамдардың шынайы өмірден алшақтауы.

......Адам баласы араласудан,жүзбе жүз көрсуден қалған заман болды.Телефонға телміріп өмірін виртуалды өмірмен ұшастырып жүрген жандар аз емес.Жастарымыз да шынайы əлемнен алшақтап,жасанды өмірдің қызығына шырмалып, шыға алмай жатады.Бұл біздің ауыр қасіретіміз.

  Адам деген ғашық болу үшін,сезу үшін,көру үшін жаралған.

Əлеуметтік желідегі əдемі жандарға,əдемі əлемге қызыққанша,өз өмірімізді ,айналамыздағы қарапайым жандарды бағалап,виртуалды өмірде емес ,шынайы өмірде бақытты болайық...