Сіз бақытты жандардың қатарынансыз ба?

Сіз бақытты жандардың қатарынансыз ба?
жеке
блог

Бұл өмірге келген әрбір жан бақытты. Өйткені біз, "өмір" атты үлкен сыйлыққа ие болдық. Сол сыйды бағалай білген пенде ғана шынайы бақытты бола алады. Әрине, бақытты әркім әрқалай түсінеді. Менің түсінігімде...

          Өткен бір аптада Алланың үйіне жамағатпен жұмыла жұма намазын оқуға барған едім. Сонда керемет бір уағыз айтылды. Тыңдағаным сонша терең ойға батып кеттім. Не естідім?:

Шынайы бақытты жандар төрт нәрсені істегендер мен төрт нәрсені істемегендер. 

Бірінші, бақытты жандар "байлықта төменге қарайды". Бізден де жағдайы нашар жандар бар деп шүкіршілік етеді, қанағат қылады.

Екінші, бақытты жандар "білімде жоғарыға қарайды". Өзінен жоғары дәрежедегі білікті де білімді ғалымдарды үлгі тұтып, солар сияқты ғұлама болуға ұмтылады.

Үшінші, бақытты жандар "жасаған жақсылығын ұмытып кетеді". Ешқашан ешкімге қол ұшын созбағандай күйде болып, күн сайын жақсылық жасап тұруы үшін.

Төртінші, бақытт жандар, "істеген күнәсін ешқашан ұмытпайды". Сол күнәсін күн сайын еске алып, қайталамас үшін, екінші рет күнәға батпас үшін.

Ал, бақытсыз жандар керісінше, "байлықта жоғарыға қарайды". Басқада бар үй менде неге болмауы керек, анада бар көлік менде неге жоқ деп тойымсыздық танытады.

Бақытсыз жандар "білімде төменге қарайды". Мен басқаларға қарағанда көп білемін ғой, пәленшеге қараған әріп танимын деп көкірегін кереді.

Бақытсыз жандар "жасаған жақсылығын ұмытпайды". Мен өткенде пәленшеге мынша ақша бердім, анаған армандап жүрген нәрсесін алып бердім деп мақтанып отырады.

Бақытсыз жандар "істеген күнәсін ұмытып кетеді". Ешқашан күнә жасамағандай, өздерін сүттен ақ, судан таза көрсетіп надандық танытады.

Сонымен, құрметті оқырман не түйдіңіз? Ойланыңызшы...

Сіз БАҚЫТТЫ ЖАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫНАНСЫЗ БА?