Менен сізге 7 кеңес

Менен сізге 7 кеңес
жеке
блог

Шексіз қиял, асқақ арман, көптеген мақсаттар. Бұлардың бәрі - біздің дауымызға үлес қосатын дүниелер. Алайда, мен де өсу үшін, даму үшін көп армандадым, көп нəрсені мақсат еттім, ойладым. Осының бəрі психологияма əсер етті ме, білмеймін. Маржан Арапбаеваның əнінде айтылғандай, "Арманымаасығып барам". Армандарыма қол жеткізу үшін мен бəріне дайын боп тұрмын. Бірақ, уақыт өтпей жатыр. ...есімнен адасатын шығармын. Арманыма асығып барам. Сонда да сіздерге аздаған кеңес берейін. 

1. Армандаңыздар. Армансыз адам адам ба? 

2. Армандарыңыздың орындалғанын қиялдаңыздар. Қиял сіздерді ынталандырады. Бірақ, қиялыңызға қатты берілмеңіз. Əйтпесе, күйзеліп қалуыңыз мүмкін. 

3. Мақсат қойыңыздар. Бұл - арманға жетудің ең негізгі жəне ең маңызды баспалдағы.

4. Болмашы нəрсеге уақыт жұмсамаңыздар. Уақыт - ақша, ақша - су, уақыт судай сырғып кетпесін. 

5. Үйреніңіз, ізденіңіз, кітап оқыңыз. Сонда ғана сіздің қоғамдағы беделіңіз артады. 

6. Қараңғы, білімсіз, алға қойған мақсаты жоқ, өміріне шағым айта беретін, жағымсыз аурасы бар адамдармен уақыт өткізбеңіз. Олардың жанында жүріп жүдейсіздер, тіпті бəрінен мақрұм қаласыздар. 

7. Сеніңіздер. Армандар орындалады! 

Ал сіздер маған қандай кеңес берер едіңіздер?