Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бейтаныс ер адамның осы бір әрекетіне қатты таңдандым

Бейтаныс ер адамның осы бір әрекетіне қатты таңдандым

Бейтаныс ер адамның осы бір әрекетіне қатты таңдандым

Түн. Далада жаңбыр құйып тұр. Күздің өкпек желі алқымнан алып, дірдектеген адамдарды жылы үйлеріне асықтыруда. Мен жолдың қарсы бетіне өту үшін жаяу жолаушылар жүретін ақ жолаққа жүгіріп барам. Төңіректе қараң-құраң еткен адамдардың сұлбасынан басқа ештеңе көрінбейді. Ақ жолаққа жете бере, жолдан өтуге асықтым. Кенет артымнан бейтаныс ер адам жүгіріп келіп, ақ жолақ белгісінің тура түбіне еңкейді. Сонда барып назар салдым, жол жиегінде бір қария қол-аяғын бауырына басып, бүк түсіп жатыр екен. 

- Ата, тұрыңыз, жатпаңыз бұлай, мына күннің суығынан аман қалмайсыз, - деді жасы шамамен отыздан асқан, ұзын бойлы жігіт ағасы. 

Әлгі атай ұйқысынан оянған болуы керек, айналасына түсінбей бір қарап алып, алқынып атып тұрмақшы болды. Бойындағы ішкіліктің күші атайды жерге қайтып алып ұрды, қария тізесіне тұра алмай, тәлтіректеп құлап түсті.

- Балам, кімсің? - деді сосын.

- Мен жай өтіп бара жатқан адаммын, тұрыңыз, далада жатпаңыз, қай жерде тұрасыз? Мен сізді қолтығыңыздан демеп апарып тастайын, - деді еркек.

Атай: "балам, кімнің баласы болсаң да, көргенді бала екенсің, мен жақын маңда тұрамын, айналайын, рақмет, бақытты бол" деп кемсең-кемсең етті.  Қаңғыбас емес екені үстіндегі жөні түзу киімнен көрініп тұр. 

Мен бейтаныс ер адамның осы бір әрекетіне қатты таңдандым. Тасбауыр қалада адамшылық жұрнағы қалған екен-ау деп қалың ойға шомып, аяңдап кете бардым.  

3097 1
Рейтинг: +8

Фото:
artleo.com
Жазылған уақыты: 22 қазан 2015, 14:16
Тегтер: жақсылық, адамгершілік, өмір, оқиғалар
Пікірлер
+0
19 желтоқсан 2015, 14:55

жақсы жазылыпты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...