Махаббат деген не?

Махаббат деген не?
жеке
блог

Махаббат- күшті жəне керемет сезім!Отанға , өз үйіне, ата-аналарына, айналадағы дүниелерге деген махаббат болады.  Осы бір ұлы сөз əр адамның жүрегінен орын алатын үлкен ғаламат сезім.Махаббат пен құрмет адамдар арасындағы қарым қатынасты ұстап тұратын бір күш! Осы алып күшті жоғалтпау əр адам баласының өз қолында.Міне дәл осындай сезімді бастан өткерген қыздар мен жігіттермен өзара əңгіме  қозғаған едік.

Аноним: Менің жасым  16 да. Ең алғашқы махаббатым 4 сынып оқығанда болғанын білемін. Сол кездер өте қызық болатын. Қыс түссе бір бірімізді қарға құлатып ойнайтынбыз.Ол сабақтан қайтқан сайын маған тəтті кəмпит алып беретін. Қазір соны айтып , күліп еске алып отырамыз. Сол кезде ол мені жақсы көретінін мойындаймын деп " қышыма" шөбін жегені бар еді.Сол баламен бүгінгі таңда өте жақсы доспын деп айта аламын.

Аноним: Мен 18 жастағы жігітпін. Осы күнге дейін 5 қызым болыпты.Сол қыздардың ішінде шын ұнатып ,ұзақ уақыт жүргенім  1 қыз ғана. Əрине, кішкене жаста болғандықтан махаббаттың не екенін түсінбеппін.Бүгінгі күнге дейін ол қызбен əлі араласып келеміз.Ұрсысып қалсақ татуласып жатамыз. Бəрі керемет!Кездесуге ата-анамнан  футболға немесе қосымшаға кеттім деп айтып кететінмін.Қазір бəрі өте жақсы.

Анонимно: Мен 17 жасымда бір қызбен жүрдім.Екеміз 1,5 жыл жүріп , бір себептерге байланысты айырылысып кеткен болатынбыз.Күнде таңертең бір -бірімізге  қарай жүгіретінбіз.Арамыз 7 остоновка болатын.Менің үйіме келіп, тамақ істеп берген болатын.Менің папаммен жақсы араласқан болатын.Бірақ ол басқа қалада мен басқа қалада оқып жүргендіктен қиындау соқты.Соған қарамастан бір-бірімізді ұмытқан емеспіз.Өкінішке орай соңында арамыз бұзылып кетті.Сол беті ол қызбен осы жылы Жаңа жыл күні кездестік. Міне, содан бастап мүлде араласпаймыз!