Қиялдар шаһарының тұрғынына

Қиялдар шаһарының тұрғынына
жеке
блог
Тағы бір хат жазылды,
Қалды бірақ  жолданбай. 
Сөйлесейік...
Үнсіздікте. 
Тек сөздерді қолданбай. 
 
Күн! Естіп те көрмеген бір есім,
Мұңданып сол сəтте күлесің.
Сенімсіздік сығалайды. 
Ұғасың. Сезесің. Білесің. 
 
Ұмтылыс.  Санама түйгесін.
Білмеймін. Қандай сен күйдесің?
Қайшылықтар қол ұстасқан тірлікте, 
Тек екеуміз табар едік үйлесім.
 
Қуансам жоқ. Тек мұңайсам келесің, 
Құлатпайды, қуаттайды елесің.
Іздеймін. Белгің де жоқ. Шуақтым,
Сен сірə бұл өмірлік емессің.
 
Күн. Білесің бе?
Есімің дұға жатарымда,
Таң.
Сеннен сұрайды рұқсат атарында.
Мекен жайың белгілі,
Тұрасың Қиялдар шаһарында.
 
Жете алмай саған өртенді,
Күйінді іші.
Жыр жазу осы болды түйінді ісі.
Сен оның ойын тастап кетпе ешқашан..
Жарай ма?
Қуанышты сəттердің қиындысы.