Қасымда айдай болып жүрсең өзің

Қасымда айдай болып жүрсең өзің
жеке
блог

Қасымда айдай болып жүрсең өзің,

Нұрланып қуаныштан күлсе көзің

Бір сен деп ынтық жандай сөз моншағын

Көңлімнен тізем қанша, білсең өзің!

 Көмілсем көлеңкеге нұрлы реңің,

Көз жазып арманымнан мың жүдедім.

Білмеймін, қалай төзем қиястыққа

Қара тас емес әсте бұл жүрегім!

Шытынсаң мені де кілт торлайды мұң.

Сен күлсең кірбің-сірбің қалмайды бір.

Кей-кейде ойға қалам айтсаңдаршы,

Көрінбес көңіл жібін жалғайды кім???

Авторы- Қожағұлова Ақмарал!