Темір жол туралы қызықты деректер

Темір жол туралы қызықты деректер

♣ Францияның заңы бойыншы вокзалда сүйісуге болмайды. Себебі соның кесірінен пойыздар жүру уақытынан кешігеді екен. Бұл заңның қабылданғанына 100 жылдан астам уақыт өтті. Және ол өз күшінде.

♣ Ең алғашқы темір жол Мәскеу мен Санкт-Петербург сияқты қалаларды жалғаған. Ол алғашқы үш күнде жолаушыларды тегін тасыған. Себебі бас кезінде пойызға адамдар қызығушылық танытпаған.

♣ Ең ұзын темір жол 9300 шақырымға созылған. Ол - Транссібір магистралі.

♣ Бүгінгі таңда Ресейде жылына 1 300 000 000 жолаушы пойызды қолданады. Демек, Ресейде тұратын әр адам бір жылда пойызға 9 рет мінеді. Алайда бұл жоғарғы көрсеткіш емес. Өйткені Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы кезінде бір адам жылына 15 рет пойызбен қатынаған.

♣ Ең қызықтысы доңғалақтарды тексеретін жол қараушылардың музыкалық қабілеті керемет болады екен. Өйткені олар ақауды сол арқылы анықтайды.

♣ АҚШ-тың Огайо штатында пойыз бен кеме қақтығысқан. Нәтижесінде Огайо өзенінің суы жайылып, темір жол 1 метр су астында қалған. Алайда судан өтіп кетуге бел буған машинист кемеге түйіледі.  

♣ Ертеректе тек «Париж-Венеция» бағытында қатынайтын маршрут болған. Оны "махаббат пойызы" деп атаған. Бұл пойыздың өзгелерден айырмашылығы жолаушылар вагонындағы әр жеке бөлмеге ерекше қызмет көрсеткен. Сонымен қатар жолаушыларға арнайы теледидир мен душқа түсетін кабина да тұрған. Ал ең бастысы купеде екі адамға арналған керуерт болған.

Сурет: www.zarechnay.ru

Оқи отырыңыз:

Әйгілі ұшақ көл түбінен табылды

Бағасы пәтердікімен бірдей Фригольд аралы

Алматылық білегіне Абылай ханның бейнесін салдырды

Төрткүл дүниені таңғалдырған таланттар (видео топтама)

Ж. Исакаев