«Анаңызды іздедіңіз бе?»

«Анаңызды іздедіңіз бе?»
жеке
блог
Күні кеше Тәуекел Мүсілім мен қырғыз актері Азамат Ұланов басты рөлдерді сомдаған "Анамды іздеймін" немесе "В поисках мамы" кинокомедиясын тамашалап қайттық.

Кинотеатр толған адам. Сатылымда билеттер таусылған. Жоспарланған уақыттан 1,5 сағаттан кешірек уақытта ғана соңғы билеттерді әрең дегенде қолға түсірдік. Сөйтіп не бар, асыға күткен кинокомедия-драмамызды тамашалап қайттық:

Фильмнің сюжетін айтпағанның өзінде, мазмұнының өзі бір төбе. Балалар үйінде тәрбиеленетін Аза есімді вундеркиндтің анасын іздеу мақсатында Лос Анджелес, Лас Вегас сынды қалалардағы оқиғасы баяндалады. Кездейсоқ кездескен Данияр (Тәуекел) ақиқатқа көз жеткізуге, баланы анасының елесімен қауышуына себепші болады. Осылайша фильм өз шешімін табады. Фильмнің соңына дейін Азаматтың өз анасын табарына шын жүрекпен сендім. Бірақ, бәрі мен ойлағандай болмады...

Күліп отырып жылау немесе жылап отырып күлу деген күйді сезінгенбісіз? Бұл фильмді көре отыра осындай сезімдерді бастан кешіресіз...

Фильмнің саундтрегі болған Төреғалидің "Анашым-ай", Нұржанның "Қара баласы" - бұл кинокомедияны одан әрі көркейтетіндей...

Фильмнің киносатылымға шыққанына небәрі бір апта бола да, көптің көңілінен шығуда. Бұл әрине ең бірінші актерлердің, екінші - режиссерлердің еңбек жемісі.

Режиссер демекші, фильм режиссері Руслан Акунның бұған дейін түсірген бірегей туындысы "Салам, Нью-Йорк!" туралы келесі блогымнан оқи аласыздар!