Кино әлеміне саяхат

  Кино әлеміне саяхат
жеке
блог

Көптің назарында жүрген үздік комедиялар қатарында жаңа жыл қарсаңында жарыққа шыққан мега туынды Нұрлан Қоянбаевтың "Бизнес по-казахски" фильмін көрушілердің саны күн санап артып келеді. Жалпы фильм жайлы толығырақ тоқталсақ, фильм қазақ халқының астарлы әзілдері мен әрбір жақсы нәрсеге жақын туыс-туғандарымызды тартып тұратынымыз, әр қазақ шаңырағында кездесетін әдеттерді ашып,әдемілеп көрсете алды. Бастан-аяқ қазақы иіс аңқып тұрды. "Комедия-өте байыпты іс" деп халыққа шынайы күлкі сыйлаған әйгілі әртіс Юрий Владимирович Никулиннің осы сөзі соған дәлел. Бұл фильм өзінің шынайы көрермендерін тапты деген ойдамын. Фильмді әсерлі ететін -ол актерлер деп ойлаймын. Әр әртіс орынды таңдалған. Фильмнің  тағы бір фишкасы-халықтың көзайымына айналған Қазақстан Ұлттық арнасынан көрсетілетін "Келін" телесериалындағы үнді актері Сиддхартх Шукланың қатысуы. Қазақ кино өнері қарқынды дамып келе жатқанына көзім жетті.Осы жылғы үздіктердің қатарынан орын алады деген ойдамын.